Биылғы жылғы Кітапхана түнінің негізгі тақырыптары Жеңістің 70 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналады.
Акцияның мақсаты: кітап пен оқуды насихаттау және дәріптеу, жастарды кітап оқуға баулу, бос уақытын тиімді өткізудің жаңа үлгілерін ұйымдастыру.
Ұйымдастырушылар: Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы
Шараның өту мерзімі мен уақыты: 2015 жыл 15 мамыр, 20.00 - 24.00
"Гоголевкадағы" кітапхана түні - 2015" жастар акциясының бағдарламасы
Уақыты |
Іс-шара |
Үйлестірушілер |
19.30-20.00 |
Шараның өтетін орыны – кітапхана алдындағы мерекелік әшекейленген алаң. Алаңда әдеби кейіпкерлер серуендеп жүр, Н.В. Гоголь қолтаңба береді |
Ұйымдастыру комитеті |
20.00-20.15 |
Кітапхана түнінің мерекелік ашылуы. Кітапхана алаңы. |
Ұйымдастыру комитеті |
20.15-20.25 |
Кітапхана түнінің қызықты Бағдарламасымен танысу және кітапхана қонақтарын кітапханалық алаңдағы мерекелік шараға қатысуға шақыру, кеште бір мезгілде 8 алаң жұмыс істейді. |
Ұйымдастыру комитеті |
20.25-22.00 |
1-алаң: "Квест бөлмесі "45-ші жылдың мамыры" (1 қабат, АББ, Интернет секторы)
|
(АББ, автоматтандыру бөлімі, интернет секторы) |
|
2-алаң: "Ариадна жібі" (жертөле, кітап сақтау бөлімі) |
Кітап сақтау бөлімі, көпшілікке қызмет көрсету секторы |
|
3-алаң: "Жеңіске Салют!" атты суреттер байқауы, "Шеберлердің ойып жасаған туындылары" атты ою-өрнек жасау байқауы, "Дарын мен Қиял" атты "Творчество и чудотворство" клубы мүшелерінің көрме сатылымы. (1 қабат, каталог залы) |
Өнер бөлімі |
|
4-алаң: "Жауынгерлік аялдама": Жеңістің 70 жылдығына арналған викториналар, байқаулар (1 қабат, кітапханаларды дамыту бөлімі) |
Кітапханаларды дамыту бөлімі |
|
5-алаң: "Кең даланың үзілмес жаңғырығы": Қазақ хандығының тарихы туралы өз білімдеріңізді интерактивті викторина сұрақтарына жауап бере отырып тексере аласыздар. (1 қабат,каталог залы) |
Өнер бөлімі |
|
6-алаң: "Бір шаңырақ астында": Интеллектуалдық, музыкалық-танымдық шоу. (2 қабат, өлкетану бөлімі) |
Өлкетану бөлімі, Халықаралық кітаптар бөлімі |
|
7-алаң: "Үздік әнқұмар": "Әуенді тап" ойын-сауықтық танымдық ойыны (3 қабат, оқу залы) |
Оқу залы |
|
8-алаң: "Өз үнімді қосамын": "Бір ел-бір кітап" Акциясы бойынша таңдап алынған І.Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясын дауыстап оқу |
Абонемент, қорды толықтыру бөлімі |
22.00-23.30 |
Би кеші (3 қабат, оқу залы) |
Мерзімді басылымдар бөлімі, |
23.30 - 24.00 |
Кітапхана түнінің аяқталуы: "Кітапқа - Салют". Қорытындылау. Барлық қатысушыларға сыйлық беріледі. |
|
Кітапхана түнінде ұйымдастырылатын шаралар:
- «Оқуды ұсынамыз» әдеби кафе-бары. Барменнің қойған әдеби сұрақтарына дұрыс жауап берген қонақтарға салқындатылған сусын, кофе, шай ұсынылады. (1 қабат, қонақжай).
- «Мені өзіңмен ала кет» кітап шопингі.
- «Айналамызда көктем мезгілі» селфи байқауы.
- «Кітапханаға жазыл да досыңды жаз» Акциясы: кітапханаға жазылғандарға олардың достарына арналған шақыру билеттері ұсынылатын болады. Осы шақыру билетін көрсеткен жағдайда кітапханаға тегін жазылу мүмкіндігіне ие болады.