Құрметті ата-аналар! Сіздерді "Оқырман балалар" атты фотобайқауға қатысуға шақырамыз.

Құрметті ата-аналар! Балаларды кітаппен достастырыңыздар! Балаларыңыздың кітап оқуын әдетке айналдырыңыздар, кітап оның ең адалда мейірімді серігіне айналуына жәрдем жасаңыздар. Балаларыңызбен бірге кітап оқи отырып, талдауға үйреніңіздер. Бір-бірлеріңізгеқуаныш сыйлаңыздар.

Бұл фотобайқау 2015 жылдың 15 мамырында Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтетін "Гоголевкадағы кітапхана түні" Акциясына арналып өткізіледі.

Бұл күні үздік деп танылған бүлдіршіндердің фотосуреті "Қазақстанның оқырман балалары" атты фотокөрмеде ұсынылады жәнекітапхананың www.karlib.kz сайтында жарияланады.

Сіздерден балалардың кітап оқып отырған сәтінде түсірілген қызықты да көңілді

фотосуреттер күтеміз.

Байқауға фотосуреттер 2015 жылдың 14 мамырынан қабылданады.

Фотосуреттерге қойылатын талаптар:

Фотосуреттеріңізді цифрлық түрде (JPG, GIF немесе PNGмөлшерінде  (5MB дейін),сондай-ақ басып шығарылған форматта да ұсынуға болады.

Бір қатысушыдан ұсынылатын фотосуреттер санына шектеу қойылмайды.

Жеке фотосуреттер ғана қабылданады. Басқа да сайттардан, блогтардан көшіріп алынған  фотосуреттер қабылданбайды. Компьютерлік монтаж жасалған фотосуреттер байқауға жіберілмейді.

Фотосуреттерді

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.электронды поштасына жолдауларыңызға болады. Фотосуреттің атауы, автордың аты-жөні (толық), туған жылы, телефоны, электронды мекен-жайы туралы қосымша ақпарат беруді ұмытпаңыздар

Басып шығарылған фотосуреттерді 100009, Қарағанды қаласы Ерубаев көшесі, 44 мекен жайына алып келулеріңізге болады.

Ақпараттық-сервисті қызмет көрсету секторы

Кітапхана  9.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.

Демалыс күні: сенбі

Сұрақтарға жауап беруші – Ельцова Ирина Алексеевна

Тел:8 (7212) 56-74-64; 87009922759