Сәуір айының 28 күні сағат 15.00 де алаштың маңдайына біткен адуынды ақын, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының  Қарағанды облыстық филиалының директоры Серік Ақсұңқарұлының "Поэзия – ақынның алтын тағы" атты шеберлік сыныбы өтеді.

Ақынның қаламынан "Жиырмасыншы ғасырдың жиырма сәті", "Адам ата һауа ана", "Қыпшақ хиссасы", "Ғасыр кардиограммасы", "Төбемнен жаухар жауып тұр", "Қараорман", "Ұзан" т.б жыр жинақтары туған. Бірқатар өлеңдеріне ән жазылып, халықтың сүйіп тыңдар әніне айналған.

Шеберлік сыныбына өңіріміздің жас ақындары мен жазушылары, журналистер және студенттер қатысып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алады.

Кеш барысында ақынның рухты жырлары оқылып, әуезді әндері орындалады.

Келем деушілерге есігіміз айқара ашық. Адуынды ақынның қатысуымен өтетін айтулы шарадан қапы қалмаңыздар.

Сіздерді кітапханамызда күтеміз.

Байланыс телефоны 56-53-04