«Өмір энергиясы» атты фотобайқау Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өткізіледі.

Байқаудың мақсаты: қоғамның назарын экологиялық басты мәселелерге аударту және экологиялық мәдениетін жоғарлату.

Фотобайқауды өткізу талаптары:

Байқауға төмендегідей тақырыптар бойынша фотосуреттер қабылданады:

-          қоршаған ортаның ластануы және адам денсаулығына тигізер зияны;

-          экологиялық таза энергия (күн, жел, су энергиясы);

-          энергия үнемдеу (тиімді қолдану және энергияны тиімді пайдалану)

Фотосуреттерге қойылатын талаптар: JPG, GIF немесе PNG мөлшерінде(5MB дейін), немесе 20х30 см. мөлшерінде басып шығарылған суреттер

Фотосуреттерге ақпараттық сүйемелдеу жасау: фотосурет атауы,  автордың аты-жөні (толық), туған жылы, телефоны, электронды мекен-жайы.

Байқауға түрлі-түсті, қара-ақ түсті фотосуреттер жолдауға болады.

Фотосуреттер санына шектеу қойылмайды.

Сіздердің жұмыстарыңызға  білікті әділ қазылар алқасы баға береді.

Бағалау критерилері:

-          байқау тақырыбына сәйкестігі;

-          ерекшелігі;

-          жалпы түсіністік;

-          ұсынылып отырған еңбектің көркемдік деңгейі;

-          жұмыстың идеясы мен мазмұнының ерекшелігі;

-          суретке түсіру техникасы мен сапасы.

Байқау қорытындысында үздік жұмыстар таңдап алынады.

Көрме 2015 жылыдың 22 сәуірінде Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтеді.

Байқау финалының өткізілу уақыты мен орны қосымша хабарланады.

Байқауға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды.

Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарып берілмейді және коммерциялық мақсатта қолданылмайды.

Фотосуреттер 2015 жылдың 20 сәуіріне дейін қабылданады.

Фотосуреттерді Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына  жолдауларыңызға немесе шығарылған фотосуреттеріңізді Ерубаев,44 мекен-жайына әкелулеріңізге болды.

Сұрақтарға жауап беруші – Ельцова Ирина Алексеевна

Тел:8 (7212) 56-74-64; 87009922759

Үздік жұмыстар www.karlib.kz кітапхана сайтында жарияланады.

 Сіздерден табиғат әлемінен сыр шертетін қызықты фотосуреттер күтеміз!