Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Өмір энергиясы» атты экологиялық фотобайқауын ұйымдастыруда.

Біз қазіргі уақытта құбылмалы тез өзгеретін әлемде өмір сүріп жатырмыз. Бұл орайда Жер планетасының экожүйесіне көбірек әсер етуші және басты рөл атқарушы адам болып табылады.

Біз табиғатпен үйлесімді өмір сүруді естен шығарып алған сияқтымыз. Адамзат қоғамда әрүрлі қызметтерді атқара отырып табиғатқа зиян келтіреді, қоршаған ортаны ластайды. Өзімізді және болашақ ұрпағымызды табиғат сыйлаған өмір энергиясынан айырамыз.

Табиғатты сүйетін, таза ауамен тыныстағысы келетін, таза ауыз су пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстанамын деушілерді фотобайқауға қатысуға шақырамыз.

Байқауға кәсіби шеберлер, жас ерекшелігінің шектелуінсіз кез келген әуесқойлар қатыса алады.

Фотосуреттер 2015 жылдың 20 сәуіріне дейін қабылданады.

Фотосуреттерді xmpp: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. мекен-жайына жолдауларыңызға болады.  

Контакті - Ельцова Ирина Алексеевна.

Байқаудың талаптары туралы толық ақпаратты кітапхана сайтынан ала аласыздар.  Жаңалықтардан құр қалмаңыздар!