Ерлік жасау ойында еш болмаған,

Бар білгені – елін жаудан қорғаған.

Сондықтан да әр қадамы жеңіс боп,

Отанына бейбітшілік орнаған.

Қорғанбек Аманжол

Жылдан-жылға тарих қойнауына еніп, алыстап бара жатқан Ұлы Отан соғысының сұрапыл күндері адамзат жадында мәңгілік өшпес іздерін қалдырды.

Отан үшін жанын пида еткен жауынгерлер рухына бас иіп, тағзым ету, ардагерлерімізді ардақтау – бүгінгі ұрпақтың ең басты парызы.

Құрметті оқырмандар, соғыс және тыл ардагерлері!

Біз Сіздерді 11 наурыз күні сағат 11.00-де Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдық мерекесіне арналған «Жеңіс жыры асқақтасын жаңғырып» атты кездесу кешіне шақырамыз!