Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын,абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

34-бап, 1-тармақ

Еліміздің басты құжаты  Ата Заң мерекесіне орай  кітапханамызда "Ата заң - елдігіміздің еңсесі" атты кітап көрмесі ашылды.      

1995 жылы 30 тамыз күні Бүкілхалықтық референдумда қабылданған 9 бөлімнен, 98 баптан тұратын Конституцияда мемлекетіміздің құрылысы қандай болуы керектігі, сондай-ақ Қазақстанда тұратын адамдардың құқықтары мен міндеттері анықталған.                                                           

Елбасы Н.Ә. Назарбаев

...кімде-кім еліміздің негізгі заңының рухы мен маңызын терең түсінгісі келсе, оны жасаудың, қалыптастырудың тарихын жақсы білу керек - деген болатын.

Осы сөздерді негізге ала отырып, кітап көрмесі арқылы біз барша оқырмандарды негізгі заңның тарихымен, мемлекет пен құқық теориясының негізгі ұғымдарымен танысуға шақырамыз. Сонымен қатар, Конституция бойынша жоғары құндылық ретінде бекітілген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жайлы іріктелген материалдар мен ой түйіндері Сіздерді өз құқықтарыңызды дұрыс пайдалануға жол көрсетеді. ҚР Конституциясын еліміздің  әрбір азаматы білуге міндетті және оны өмір жолында пайдалануы тиіс.

Қара қылды қақ жарған, аузы дуалы Алаш ұлтының ұрпақтары!

Сіздерді Конституция мерекесіне арналған Құқықтық сауаттылық викторинасына қатысуға шақырамыз.