Құрметті оқырмандар!
Сүйікті қаламыздың 80 жылдық мерейтойына "Туған қаламыздың рәміздері" атты шығармашылық кеш кітапхананың мерейтойлық іс-шаралар легінің жалғасы.
Қарағанды қаласын өз өнеріне, шығармашылығына қосып тарихқа енгізген майталмандармен кездесіп, қаламыздың тарих беттерінен өнер туындыларынан қызықтап, тамашалағыңыз келсе, Сізді 27 ақпан күні біздің кітапханада күтеміз.
Өнер туралы әдебиеттер бөлімі Сіздерді өлкеміздің сурет, ән, сәулет сынды кемелеріне отырғызып, саяхатқа апарады.
Мерейтойлық кеш кітапханада сағат 11-де өтеді.
Қала өнерінің саяхатына бірге аттанайық! Келіңіздер!