Құрметті оқырмандар мен төл әдебиетіміздің жанашырлары!
"Жаңа ғасыр жырлайды" атты Республикалық жас ақындар антологиясы мен Қарағанды облысы жас ақындарының "Сарыарқа сазы" атты жыр жинағының салтанатты тұсаукесер рәсіміне асығыңыздар!
Алаш әдеби сыйлығының иегері Абзал Бөкен, Халықаралық "Шабыт" фестивальінің лауреаты Серік Сағынтай, ҚарМУ-дың профессоры Ж.С. Ботпайұлы қос жыр жинағының тұсауын кеседі.
"Жыр-Жауһар" поэзия клубының алғашқы мүшелері, жеке жыр жинақтарымен қазақ поэзиясына жаңа леп, жаңа үн әкелген талантты жас ақындар Қуаныш Медеубаев, Алмаз Мырза-Ахмет, Рауан Қабидолдин, Ерқанат Кеңесбекұлы арнайы қонақ ретінде қатысады.
Келіңіздер, әдеби-сазды кешіміздің куәсі болыңыздар!
Сіздерді 2014 жылы 30 – қаңтар күні сағат 15.00-де оқу залында күтеміз!
Байланыс тел: 8(7212)565-304, 8-702-763-88-24