Құрметті оқырмандар! Бөбек жанын ұғып, тілін біліп, сырласуға жаралған дарынды ақын Жақан Смақовтың туғанына биыл 90 жыл толып отыр. Осыған орай, Сіздердің назарларыңызға «Бөбек жүректі, балажан ақын» атты әдеби бейне шолуын ұсынамыз. Ақынның балаларға арналған өлеңдерін, жұмбақтарын, ертегілерін бірге оқиық!
Бүгін кітапханамызда алғашы «Объективте-Қарағанды» кітапханалық фотокросс байқауындағы суреттерден фото көрменің ашылу салтанаты өтті. Шығармашыл жастардың фотосуреттері арқылы қала тынысының демі ерекше есіліп тұр. Қаламыздағы ескерткіштер, субұрқақтар, саябақтары мен өзендердегі шешілуі тиіс өзекті мәселелерді суреттерден көруге болады. Фотокөрме маусым айының соңына дейін жалғасады. Келіп көзайым болыңыздар! Ерекше суреттер елең еткізер әсер береріне кәміл сенеміз!
«Асқар тау алыстаған сайын зорая түседі» деген тәмсіл бар. Саналы ғұмырын сахарасын зерттеуге арнап, ұлтының жоғын түгендеген Ақселеу Сейдімбектің бейнесі зорая түсуде. Өзі болмағанмен, сөзі қалды. Өшпес, өлмес мұрасы қалды.
Кітапханада өтіп жатқан «Арқа даласы - Ақселеу әлемінде» өлкетанулық әдеби-марафонының «Естеліктегі Ақселеу» атты кезекті айдарының қонағы жазушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері Сүйіндік Жұмабайұлы Жанысбай болды.
Балалар мен ата-аналар назарына!!!
Жаз мезгілі келді, әдеттегідей ата-аналардың алдында балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, жаз мезгілін қызықты өткізу, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, білімдерін тереңдету сынды мәселелері туындайды. Осы уақытта Сіздерге Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасының қызметкерлері көмекке келеді.
Жаз мезгілінде бос уақытын қызықты да пайдалы өткізуге әр жастағы балаларды кітапханаға шақырамыз.
Жаз айларының дүйсенбі және сейсенбі күндері сағ. 10.00-ден 12.00-ге дейін балаларға араналған шығармашылық алаңдар тек Сіздер үшін жұмыс жасайды:
Жаз уақыты басталды. Демалыс, теңіз, саяхат, саяжай. Көп адам жазғы уақытын әрине, алдын-ала жоспарлап, керемет өткізуге тырысады. Осы орайда, біздің кітапхана осы демалыстың барлық түрін кітап арқылы ұсына алады. Сондықтан жылдағы дәстүрмен 6 маусымда қаламыздың тұрғындарына «Жазғы оқу қаласы» жобасын ресми ашып, өз оқырмандарымызды қуанттық. Балалар мен жасөспірімдерге арналған «Кітапханадағы жаз» және «Жазғы оқу қаласы» бағдарламасының салтанатты ашылуы өтті. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға биыл ерекше мән беріледі, өйткені 2022 жыл Қазақстанда балалар жылы деп жарияланды.