Қазақстан Республикасының 2023 жылы аталып өтілетін және еске алатын күндер күнтізбесі / Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Ж.С.Шохшина. – Қарағанды, 2022.-21 б.

Жыл сайын Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық – библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасының тарихи маңызды күндеріне арналған күнтізбе шығарып тұрады.

Күнтізбеде 2023 жылы аталып өтілетін ақын – жазушылардың, мәдениет және өнер қайраткерлерінің, ғалымдардың, саясаткерлердің мерейтойлық даталары берілген. Басылымға тарихи оқиғалардың күндері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және кәсіби мерекелері енгізілді.

Басылым материалдары әр айға бөлініп, жалпы тізім бойынша орналастырылған. Ең маңызды деген мерейтой даталарында Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК қорында бар әдебиет тізімі де ұсынылған. Күні мен айы белгісіз даталар жеке беріліп, оған да әдебиеттер тізімі жасалған.

Күнтізбеде көрсетілген көрнекті тұлғалардың мерейтой даталары мен тарихи оқиғалардың күндері туралы ақпаратты біздің кітапхананың ақпараттық ресурстарынан табуға болатынына назар аударамыз: электрондық каталог, оның ішінде онлайн-каталог, кітапхана сайты, библиографиялық көрсеткіштер мен жадынамалар. Кітапханамыздың мәліметтер қоры көптеген тұлғалар мен оқиғалар жайлы ақпарат көздерімен едәуір көбірек қамтылған.

Күнтізбе қазақ және орыс тілдерінде шығады.

Басылым көпшілік қауымға, мамандарға, студенттер мен оқушыларға, мектеп мұғалімдеріне, кітапханашыларға арналған.