Әдеби Сарыарқаның тамырлары сонау бұрынғы өткен ғасырлардың тереңінде жатыр.  Қазіргі  түсініктегі әдебиеттің қозғалыстары ХХ ғасырдың 50 жылдары түзіле бастады. Оның бастауларында Орталық Қазақстанның белгiлi жазушылары тұрды – Ғ.Мұстафин, Ә.Әбішев, М.Зуев-Ордынец, Ж.Сәрсеков және т.б. 1955 – 57 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының облыстық жауапты хатшысы Тахауи Ахтанов болса, 1958 жылдан бастап – Жайық Бектұров (1912-1998) – www.uniorlib.kz болды. 60 жылдардың ортасында Жазушылар одағының облысаралық бөлімі Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік – Қазақстан әдебиетшілерін біріктірсе, 1986 жылдан бастап Қарағанды мен Жезқазған облыстарын біріктірді. 70-80 жылдары жазушылық мекеме  жас жазушылар мен әдеби ұйымдар, үйірмелерді қолдау мақсатында белсенді жұмыс жасап, республикалық және одақтық Ресей Федерациясы, Украина, Қырғызстан, Белоруссия елдерінің Мәдениет күнін ұйымдастыруға  қатысқан. Қарағанды жазушылар базасында «Рабочий – главный герой советской литературы» атты Бүкілодақтық конференция өтті. Ақын – жазушылар кітапхана мен мектептердің оқырман конференцияларына қатысып, шахта, заводтың ұжымында сөз сөйлеп насихаттау жұмыстарын белсене атқарған.

90 жылдар Жазушылар мекемелеріне қиын кезең болды. Жылдар бойы кітаптардың нарықтық экономика шарттарындағы жағдайда ретпен шығаруына үйреніп қалған әдебиетшілер жай ғана абдырап, Жазушылар одағы мемлекеттің қолдауынсыз іс жүзінде ыдырады. 1998 жылы Әділет Министрлігі Қарағанды облысының Жазушылар одағын тіркеді. Оның құрамына жиырмадан астам  аға буын жазушылар мен жас әдебиетшілер кірді. Олардың ішінде: Алексей Воейков, Қамзабай Бөкетов, Валерий Могильницкий, Сәбит Бексейіт, Зинаида Чумакова, Виктор Курилов, Марат Искаков, Базар Мамыр және басқалары.

Қазіргі уақытты Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының Қарағандыдағы филиалын Халықаралық «Алаш» Сыйлығының иегері, Қарағанды облысы әкімінің сыйлық иегері, Халықаралық Абай клубының лауреаты, Қазақстан Президентінің грант иегері, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, атақты ақын Серік Ақсұңқарұлы басқарады.