"Тәуелсіздіктің 30 жылдығына - 30 кітап" рухани-мәдени акциясы аясында поэзия жанры бойынша Ұлықбек Есдәулеттің "Киіз кітап" туындысын оқуға шақырамыз! Кітаппен танысып, рухани азықпен сусындаңыздар! КЕЛІҢІЗДЕР, ОҚЫҢЫЗДАР !!! #karlib #birelbirkitap #руханижаңғыру

Құрметті оқырман, сіздердің назарларыңызға 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Шуақ шашқан мереке» атты бейне шолуымызды ұсынамыз.

Құрметті оқырмандар! Назарларыңызға бір ғасырға жуық уақыттан бері әдебиетіміздің шежірешісіне айналған, еліміздегі ең байырғы бас әдеби басылым - "Juldyz" журналы бойынша ақпаратты ұсынамыз. Баршаңызды "Juldyz" журналында ай сайын жарияланатын мазмұнды мақалалар мен шұрайлы көркем туындыларды оқуға шақырамыз!

Достар, назарларыңызға “Халықтың қазынасы - ою-өрнектер” бейнешолуын ұсынамыз.

Көктемнің алғашқы күні – Қазақ даласында Алғыс айту күні. Тұңғыш Президент  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген мемлекеттік мереке аз уақыт ішінде бұқаралық сипат алып үлгерді.

Алғыс айту күні – сан сынақтан бірге өткен халықтың бірлігін арттырып, қандай кездерде де өзара сенімділігі мен құрметі орныға түсуіне негіз болды.

Толығырақ...

Құрметті оқырман! Кино және театр актрисасы, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Меруерт Өтекешеваның мерейтойына орай өнер туралы әдебиеттер бөлімі ұйымдастырған "Қазақтың Қыз Жібегі" атты кітап көрмесін қабыл алыңыздар!

Назарларыңызға 2021 жылы Республикалық "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орай "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап" рухани-мәдени акциясына поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті, аудармалар бағыттары бойынша таңдалып, жалпыхалықтық оқуға арналған виртуалды көрмені ұсынамыз.

"Жадымдасың, жақсы аға" Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл: библиографиялық жадынама / Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. : Ұ.Ө. Жамауова. – Қарағанды, 2021

"Жүрегімді менің өлеңдерімнен ізде..."
М.Мақатаев

Иә, өмірін өлеңінен, өлеңінің өмірінен бөліп қарауға болмайтын Мұқағали Мақатаевтың есімі - "Поэзиямен" егіз ұғым. Күллі қазақ даласын шексіз іңкәрлікке, ұлы сағынышқа толы нәзік жырларымен тербеткен, ақиық ақынның мол мұрасы бүгінгі таңда барша қазақтың мақтанышына айналды. Тілге жеңіл жүрекке жылы тиетін жыр жолдарын көкірегінде саңылауы бар әрбір азамат жатқа айтады.

Ақынның өзі: "Кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай...", - деп баға бергендей оның әр өлеңі өміріндегі әсем әуез бен мұнар мұң жетегіне жетелей жөнеледі. Ақынның бүкіл ғұмыры өлеңдерімен өрілген. Ол үшін поэзия – жанының шырылы.

Толығырақ...