«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылған батыс әдебиеттанушыларының 4 томдық «Әдебиет теориясы» антологиясы барлық білім негіздерінің байланысын көрсетеді.
Жаңа оқулықтар әлемдік тарих, әдебиет, халықаралық право, педагогика, интернет – психология т.б.ғылым салаларынан кең көлемде түсінік береді. Кітапхана қоры жаңа аударма оқулықтармен толыға түсуде.
2021 жылдың 20 сәуір күні кітапханамызда "Жапанға біткен бәйтерек" атты жаңа кітаптың таныстырылымы өтті.
Кітап қазақ күресі мен самбоның майталман бапкері, ФИЛА орденінің иегері, КСРО дене шынықтыру және спорт ісінің үздігі, халықаралық дәрежедегі төреші, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, 20-дан астам халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 200-ден аса спорт шеберін баптаған ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Диқанбай Биткөзовтің тағылымды жолына, азаматтық тұлғасына арналған. Қалың оқырманға ұсынылған құнды дүниенің авторы заң саласының қызметкері Айнұр Диханбайқызы, әдеби нұсқасын жазған Қыдырбек Рысбек. Кітап "Мағжан" баспасында көркемделіп жарыққа шықты. Кітап спорт тақырыбында жазылған сирек кітаптар қатарында.
2021 жылдың 19 сәуір күні біздің кітапханада ZOOM платформасында кәсіби оқыту Мектебі аясында толықтырушылар секциясында «Сандық дәуірдегі кітапхана қорлары: дәстүрлі және электронды ресурстар, толықтыру, пайдалану» атты облыстық онлайн – семинар өтті.
Семинар жұмысына ҚР Ұлттық кітапханасының маманы, ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы және облыстық, қалалық және аудандық кітапханалардың кітап қорын толықтыру бөлімінің мамандары қатысты.
Семинардың модераторы Н. В. Гоголь атындағы ОӘҒК басшысының орынбасары Г.Н.Умбединова болды.
Н. В. Гоголь атындағы ҚОӘҒК 2021 жылдың 3 мамырына дейін қазақстандық толық мәтінді деректер базасына тестілік қол жеткізу ашылды - KazNUread ЭКЖ
Бұл Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Қазақ университеті» баспа үйінің электронды-кітапханалық жүйесі. Қазіргі уақытта KazNUread ЭКЖ-де оқулықтар, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік басылымдардың 4200 атауы, монографиялар, сондай-ақ тек оқу үшін ғана емес, сонымен қатар зерттеу қызметі үшін де пайдалы болатын конференция материалдары мен мақалалар жинағы орналастырылған. KazNUread ЭКЖ кітаптар каталогы келесідей бағыттарды қамтиды:
1961 жылдың 12 сәуірі адамзат тарихында Ұлы күн болып есте қалды.. Ю.А. Гагарин жүзеге асырған адамның алғаш рет ғарышқа сапары ғылымның даму жолындағы революциялық қарышты қадамының бірден – бір айғағы болды.
2021 жылы ғарышкер Ю.А. Гагариннің алғашқы ғарышқа ұшуына 60 жыл және Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіровтың алғашқы сапарына 30 жыл толады.
Құрметті оқырман! Аты аңызға айналған жыр алыбы - Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған "Жамбыл бейнелеу өнерінде" атты иллюстрацияланған экспозицияны назарларыңызға ұсынамыз.
"Күш атасы - Қажымұқан" Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл: библиографиялық жадынама / Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. : Ұ.Ө. Жамауова. – Қарағанды, 2021
Әр халықтың маңдайына жарқырап біткен жарық жұлдыздардай жайсаң ерлері бар. Олар – ел мақтанышына айналған көрнекті қайраткерлер, ғұлама ғалымдар, заңғар ақын-жазушылар, туған жерін жаудан қорғаған батырлар, өнер мен спорт саңлақтары... Сондай мақтан етіп, қадірлейтін, қазақ халқының қастерлі перзенттерінің бірі, алып күшімен әлемді дүбірлетіп өткен күш атасы - Қажымұқан Мұңайтпасұлы.
Қазақтың ұлттық өнерінің төресі, бойтұмары саналатын спорттың түрі ол - балуандық. Ал, осы күрес өнері арқылы қазақты алғаш әлемге танытқан, дүниежүзінің 30-ға жуық елін аралап, 50-ден астам медаль жеңіп алған балуан – Қажымұқан Мұңайтпасұлының биыл 150 жылдық мерейтойы.
Ендеше, құрметті оқырмандар ұлттық тарихымызда ғана емес, әлемдік спорт тарихында да сирек ұшырасатын, ұрпақтан-ұрпаққа аңыз болып келе жатқан тумысы бөлек тарихи тұлғаның өмір жолы мен сан қырлы спорттағы жетістіктері жайлы танымды деректер жинақталған "Күш атасы – Қажымұқан" атты библиографиялық жадынаманы назарларыңызға ұсынамыз.
Жадынама көпшілік оқырманға арналған.
Қазақстанның экономикасы мен әлеуметтік дамуы жолында ғылымның алатын орны айрықша. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан ғалымдарының алғашқы форумында (01.12.2011 ж.) сөйлеген сөзінде «...Елдігімізді дамытуға ғалымдар үлкен үлес қосуда. Олар ғылымды дамытып, жаңа мектептер қалыптастырды. Сондықтан тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістіктеріміздің бірі – ғылыми әлеуетімізді сақтап қалуымыз болды» - деген болатын.
Қазақстан топырағында ғылым тақыр жерден пайда болған жоқ. Сонау орта ғасырларда қазақ топырағынан шыққан ойшылдар, 19 ғасырда ағартушылық бағыт ұстанған, алғашқы ғылыми ойдың туын көтерген ғұламалар, 20 ғасырдың басында Алаштың атын шығарып, ұлтын ұлықтаған тұлғаларымыздың есімі қазақ жұртының, әлем жұртының есінде сақталған.
Биыл ХХ ғасырдың спорт өнеріндегі алып тұлға, Халықаралық чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы, Ұлы даланың күш атасы, біртуар қазақ Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл. Осыған орай кітапханамызда «Ұлттың адал ұлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Балуан Оңтүстікте туғанымен, 2 жасынан ата-анасымен Ақмола уезі Қараөткел маңында тұрған. Күреске деген құштарлық, күрес өнерін игеру үшін жат өлке Санкт-Петербургке аттанып, күрес үйрететін мектепке түсіп, күрестің әдіс-тәсілдерін үйренеді.