2021 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы VII шақырылымдағы Парламентінің екінші сессиясының ашылуында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жыл сайынғы халыққа жолдауын жариялады.
Жолдауда Президент еліміздің Тәуелсіздіктің 30 жылында жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті. Ол: «Қазақстан Тұңғыш Президентіміз – Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды. Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік. Мемлекеттілігімізді нығайту үшін бір ел болып еңбек етіп жатырмыз. Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы. Барлық бастамамыз осыған бағытталуда» - деп атап өтті.
Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған «Тірегіміз - тіліміз» атты бейне әңгіме ұсынамыз!
Құрметті оқырмандар,Шахтерлер күні біздің аймағымыз үшін аса маңызды мереке болып табылады. Бұл - қарағандылықтар үшін ең қастерлі кәсіби мереке. Осыған орай, сіздерді кеншілер күніне арналған «Кенші еңбегі – елдің тірегі» атты фотокөрмені тамашалауға шақырамыз
Бұл фотокөрмеден сіздер кеншілердің қажырлы еңбегі, тұрмыс-тіршілігі жайындағы ақын-жазушылардың, журналистердің шығармаларымен, құнды фотосуреттермен және Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан алынған экспонаттармен таныса аласыздар.
Құрметті оқырмандар, «Кенші еңбегі – елдің тірегі» атты фотокөрмені тамашалауға шақырамыз. Бұл фотокөрмеден сіздер кеншілердің қажырлы еңбегі, тұрмыс-тіршілігі жайындағы ақын-жазушылардың, журналистердің шығармаларымен, құнды фотосуреттермен және Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан алынған экспонаттармен таныса аласыздар.
Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, этнограф, тарих ғылымдарының докторы Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақтың бекзат перзенті» атты бейнешолуды ұсынамыз!
Кезекті кітаптар жарнамасына - қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің "Кел, балалар оқылық" кітабын назарларыңызға ұсынамыз.
Биыл ел тарихында елеулі орын алған, жарқын болашаққа бастау болған Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясына 26 жыл. Бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған азаттықтың ақ таңы атып, егемен ел болдық. Тәуелсіз мемлекетке айналдық. Конституция еліміздің экономикалық, әлеуметтік және мәдени, рухани ахуалы мен халық игілігі үшін қарқынды дамуына қажетті жағдайларды айқындап берді. Негізгі Заңда қоғамның ең жоғарғы құндылығы – адам, оның өмір құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының 2022 жылы аталып өтілетін және еске алатын күндер күнтізбесі / Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Л. С. Карпунина, У. Жамауова, И.С.Иссык,. – Қарағанды, 2021.
Жыл сайын Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық – библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасының тарихи маңызды күндеріне арналған күндізбе шығарып тұрады.
Күндізбеде 2022 жылы аталып өтілетін ақын – жазушылардың, мәдениет және өнер қайраткерлерінің, ғалымдардың, саясаткерлердің мерейтойлық даталары берілген. Басылымға тарихи оқиғалардың күндері мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік және кәсіби мереке күндеріде көрсетілген.
Басылым материалдары әр айға бөлініп, жалпы тізім бойынша орналастырылған.
Ең маңызды деген мерейтой даталарында Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК қорында бар әдебиет тізімі де ұсынылған. Күні мен айы белгісіз даталар жеке беріліп, оған да әдебиеттер тізімі жасалған. Күндізбеде көрсетілген көрнекті тұлғалардың мерейтой даталары мен тарихи оқиғалардың күндеріне шағын библиографиялық тізім берілген. Кітапханамыздың мәліметтер қоры көптеген тұлғалар мен оқиғалар жайлы ақпарат көздерімен едәуір көбірек қамтылған.
Күнтізбе қазақ және орыс тілдерінде шығады.
Басылым көпшілік қауымға, мамандарға, студенттер мен оқушыларға, мектеп мұғалімдеріне, кітапханашыларға арналған.
Аса қадірлі оқырман қауым! Әнсіз - өмірдің мәнін елестету қиын ғой. Осы орайда кітапхана қорындағы Хайдолла Тілемісовтің құрастыруымен жарыққа шыққан "Ауыл кеші көңілді" кітабын назарларыңызға ұсынамыз.
Абай - ұлтымыздың бас идеологы, әлемдік тұлға. Ол адам болып қалыптасу үшін жас ұрпақтың зердесіне қандай асыл қасиеттерді сіңіру, қай бағытта тәрбиелеу керектігін айтып кеткен ғұлама адам. Ұлы ақынның арман – тілегі бүкіл адамзаттың ең биік асыл мұраттарымен үндесіп жатыр. Абайды тану арқылы біз өз болмысымызды танып, болашағымызды бағдарлаймыз. .
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы № 495 қаулысымен 10 тамыз - Абай күні болып белгіленіп, мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев ұлы ақынның шығармалары бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпай, болашақ ұрпаққа рухани азық болады деп зор толғаныспен сенім білдірді.
Халқымыздың рухани көсемінің ілімі, биік мақсаттарға жетелейтін ойлы өлеңдері мен тағлым аларлық қара сөздерін, өмірбаянын ұлттық құндылық ретінде таныстыру, тереңірек сусындату мақсатында кітапхананың оқу залдары бөлімінде «Абай әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.