Құрметті оқырман! Назарларыңызға Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм»киностудиясының 80-жылдық мерейтойына арналған «Өмір және кино» атты бейнешолуды ұсынамыз!
1994 жылдың 19 қыркүйегінде KZ домені Халықаралық ақпараттық-желілік орталықта тіркелген. Бұл күн – Қазнеттің негізі қаланған күн.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист Сүйіндік Жұмабайұлы Жанысбай.
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, өлкетанушы Аман Жағдаұлы Жанғожин.
Ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан "Орталық Қазақстан" және "Индустриальная Караганда" газеттеріне биыл 90 жыл толып отыр. Осыған орай, құрметті оқырмандар Сіздерді газеттердің шежіресінен сыр шертетін "Жаңалықтың жаршысы" атты фотокөрмеге шақырамыз.
2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіп, қыркүйектің екінші жексенбісін Отбасы күні деп белгілеген болатын. “Отбасы күніне” орай кітапханада ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысуға шақырамыз! Отбасы, махаббат және адалдық күні баршаңызға мықты және мінсіз отбасылық қарым-қатынас тілейміз!
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялады. Жолдауда қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру мақсатында бес нақты бастамалар қарастырылған. Сіздерді "Президенттің жолдауы: айқын стратегия және нақты мақсаттар" атты кітап көрмесі арқылы Жолдаумен толығырақ танысуға шақырамыз.
2013 жылдан бастап қыркүйектің әр екінші жексенбісінде Қазақстанда дәстүрлі түрде Отбасы күні атап өтіледі.
Қазақстандағы Отбасы күнінің басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау және елдегі руханилықты нығайту.
Барлық уақытта "отбасы" ұғымы, ең алдымен, бізді тәрбиелейтін, сүюге, әлемге қызығушылық танытуға, басқаларға сенуге үйрететін адамдар туралы идеяны білдіріп келеді. Қазіргі қоғамда да "отбасы" ұғымы өзгерген жоқ. Бұл дегеніміз, отбасы қазіргі адам өміріндегі ең маңызды іргелі құндылық болып қала береді. Ол әрқашан мәдени және рухани дәстүрлердің сақтаушысы мен қамқоршысы болып қала бермек.
Құрметті оқырмандар назарларыңызға Даңқ орденінің толық иегері Мүтәш Сүлейменовтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Ерлік мәңгі өшпейтін тағылым» атты бейнешолуын ұсынамыз.
Құрметті оқырмандар! Назарларыңызға Татар халқының батыры әрі ақыны Мұса Жәлелдің "Өлеңдер" жинағын ұсынамыз.