Құрметті оқырман қауым! Назарларыңызға неміс халқының ұлы музыканты, көрнекті композиторы И.С. Бахтың автобиографиялық кітабын ұсынамыз.
2021 жылғы 1 желтоқсанда қазақстандықтар мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтеді. Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты мереке ерекше маңызға ие болды.
Мереке күнін таңдаудың тарихи алғы шарты мен негізі 1991 жылғы 1 желтоқсанда болған оқиға болды. Алғашқы бүкіл халықтық сайлау нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР Президенті лауазымына қайта сайланды.
1991 жылы халық басты және стратегиялық басымдықтары мен ұлттық бірлікті, барлық азаматтар үшін ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесін тануды, белгілеген Президентті таңдады.
2011 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» және «ҚР Заңына толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Бұл күн Нұрсұлтан Назарбаевтың Республика алдындағы ерен еңбегін атап өту және мойындау мақсатында бекітілді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс –шаралар жоспарын іске асыру аясында Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы «Елбасы ұраны – мәңгілік Ел» атты иллюстративті кітап көрмесін ұйымдастырды.
Құрметті оқырмандар! Назарларыңызға 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған өлкетану әдебиеті бөлімінің дайындаған «Елбасы және Қарағанды» атты бейне шолуын ұсынамыз.
Назарларыңызға кезекті шеберлік сағатын ұсынамыз - "Тосын сыйы бар қорапша"
Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға мерейлі 100 жыл толып отырған «Ақиқат» ұлттық қоғамдық – саяси журналының жарнамасын ұсынамыз.
Кітапхана ісі мамандарына арналған кәсіби-аналитикалық «Кітап және Кітапхана» журналына шолу ұсынамыз.
Қаламыздағы Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қабырғасында 15 жыл бұрын «Жыр-Жауһар» поэзия клубы құрылып, бүгінде республикаға танымал үлкен шығармашылық орталыққа айналды.
Орталықтың мүшелігіндегі ақындардың жетістіктері мен жеңістері мақтан тұтарлық. Алдыңғы буыны боп табылатын Алмаз Мырзахмет, Мирас Асан, Қуаныш Медеубаев, Жадыра Байбұланова, Рауан Қабидолдин, Жанат Жаңқаш, Эльмира Сайлауқызы, Айзада Рақымжанова, Ерғанат Кеңесбек және т.б. ақын-жазушылар бүгінде әдебиет әлемінде үлкен орындары бар ақындар. Қазақстан жазушылар одағы облыстық филиалының басшылығындағы Жанат Жаңқаштың жыр-жауһарлық екені де мақтаныш. Орталықтың мерейлі жылында жазушылар одағына жыр-жауһарлық бірқатар ақындар өтті. Бүгінде аймақтың шығармашылық шыңдалуына үлес қосып жүрген ақындар легін жас қаламгерлер жалғап келеді.
Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер бар. Ал, олар жайында жас ұрпақтың білгені абзал. Осыған орай, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы өлкетанушы, Қарағанды технология және сервис колледжінің директоры Жұмағали Диярұлы Мағзидың «Тарих таразы» атты кітабының тұсаукесерін ұйымдастырып, Достық үйінде салтанатты рәсімін өткізді.