Кітапханамызда Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, халық суретшісі, киноактер, режиссер, хореограф Әубәкір Ысмайыловтың 110 жылдығына арналған «Сегіз қырлы, бір сырлы» атты еске алу кеші өтті.
Қазақ өнерінің ардагері, өмір сұлулығын жанымен сезіне білетін, тыным таппас тамаша таланты мен бойына біткен сан алуан өнерімен дараланған дархан дарын.
Кеш барысында өнер иесінің қызы Г. Әубәкірқызы Алматы қаласынан арнайы дайындалған бейне сәлемін жолдады.
26 сәуір күні Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап кітапханасында «Аймақтық брендингті қалыптастырудағы кітапханалар» атты өңіраралық практикалық семинар өтеді.
Конференцияны Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырады. Семинарға Қазақстан мен Ресей өңірлерінің мамандары қатысады.
Қатысушылар кітапханалардың өңірлік брендингті қалыптастыруға қатысудағы практикалық мәселелерін, өлкетанулық ақпараттық ресурстарды құрастыру мен ілгерілету, кітапханалардың коммуникация орталығы ретіндегі орны мен рөлін талқылайды.
Семинардың екінші бөлімінде библиографиялық оқу құралын жасау технологиясы, электрондық каталог пен веб-ресурстарда кеңейтілген іздеу бойынша практикалық сабақтар өткізіледі. Сонымен қатар, «Квестодел, Surprise Me, Joyteka: веб-квесттерді құрастыруға арналған қызметтер» тренингі ұйымдастырылады.
Бәсекеге қабілетті білікті мамандарды дайындау – бүгінгі күннің басты талабы. Мектеп қабырғасында он бір жыл бойы білім алып, «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққаннан» кейінгі мәселе – болашақ мамандықты таңдау. Бұл жасөспірім өмірінің маңызды кезеңі. Себебі таңдаған мамандығы өмірінің бір бөлшегімен біте қайнасып жатады. Осы тақырыпқа сай 14 сәуір күні кітапханашылар Н. Нұрмақов атындағы мамандырылған мектеп – лицей интернатының https://nurmakov.org.kz 9 сынып оқушыларымен «Мамандық таңдау – маңызды қадам» атты ақпараттық сағат өткізді.
Ақпараттық сағатың мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп, сол бағытқа қарай бағыттау.
Биыл алаш қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, артына өшпес мол мұра қалдырған қаламгер Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойы. Осыған орай кітапханамызда 10 сәуір күні «Мағжанжыры мәңгілік» атты әдеби - танымдық кеш өтті.
Кештің мақсаты: М.Жұмабаевтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру, ақын шығармалары арқылы оқушылардың әдебиетке деген таным – біліктілігін шыңдау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Кешке Республикалық әдеби «Қасым» журналының бас редакторы, Жазушылар одағының мүшесі, ақын-жазушы С.Сағынтай, «Bolashaq» академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы М. Серікбайқызы, «Bolashaq» академиясының, «Машина жасау колледжінің» студенттері, №2 «Білім - Инновация» лицей-интернатының және «М.Жұмабаев атындағы №39 Гимназияның» оқушылары қатысты.
5 сәуір күні кітапханамызда «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасының деңгейін көтерген көркем сөз шебері, көрнекті жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған «Төлен Әбдіктің философиялық ойлары» атты көркем оқу кешіөтті.
Кештің мақсаты: Жазушының әдеби мұрасы мен отандық әдебиетті жан-жақты насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау және жастарды адамгершілік пен патриоттыққа тәрбиелеу.
Биыл өңіріміздің ең ірі өнер ордасы Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігі 85 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы мерейтойға орай кітапханамызда «Киелі өнер шаңырағы» атты Арт-кездесу өтті.
Кештің мақсаты: Сарыарқаның іргелі рухани орталықтарының бірі ретінде жасампаз халқымыздың және жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, өнерді өрге сүйреп келе жатқан бұл өнер ордасының шығармашылығымен таныстырып, тарихи маңыздылығын насихаттау.
30 наурыз күні Сарыжайлау кинотеатрында «Бұқарекең жырлайды» дәстүрлі Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына арналған жыр-толғауларын оқу мен әнін орындаудан кеш өтті.
Өлкетану әдебиеттері бөлімінің кітапханашылары жыраудың шығармашылығына арналған «Ұлы жырау ұлағаты» атты көрмесін ұйымдастырып, әдеби шолу жасады.
Әдеби шолуда ұлы тұлғаның өскен ортасы, дүние танымы, қайраткерлік көзқарасы, ұстанымы, келбеті, халқына қалдырған тағылымы, тәлімі жайында айтылды.
БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙМЫЗ! БӘРІҢЕ! БӘРІҢЕ! БӘРІҢЕ!
Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның мұрасына арналған «АлашTime» форум – байқауы. Қалыс қалма! Танымыңды кеңейт!
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан мұраларын насихаттау мақсатында 2023 жылдың 12-13 қазан күндері «АлашTime» форум – байқауын өткізеді.
- «АлашTime» форум - байқауы облыстық байқау форматында өтеді;
- 18 бен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады;
- Өтінім мен байқау жұмыстары 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштаға қабылданады;
- Байқау екі кезең бойынша өтеді;
- I кезеңде қатысушы 2 өлең ұсынады. Ұсынылған шығармалардың біреуі Әлихан Бөкейхановтың (ұлттық, тарихи, көшбасшылық) тұлғасын ашуға арналады.
Екінші өлең – еркін тақырыпта. - Сұрыптаудан өткен шығармалар ғана ІІ кезеңіне қатысады;
- ІІ кезеңде қазылар алқасы алдында қатысушы өз шығармаларын жатқа оқиды;
- Форум-байқау барысында жастар Алаштанушы ғалымдармен рухани байланысқа түсіп, емін-еркін араласуына мүмкіндік болады;
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Қазақстан бейнелеу өнері тарихында керемет қолтаңбасы бар, хас суретші Мыңғыш Мәуленұлы Әбілқасовтың туғанына биыл 80 жыл. Осыған орай, кітапханада «Қылқалам шебері» атты сурет-көрмесі қойылды. Көрмеден оқырмандар суретші туралы кітаптар мен газет-журналдарда шыққан мақалалады және Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің қорынан алынған туындыларымен танысып, оқи алады.
Келіңіздер! Көріңіздер!
Көктемнің алғашқы күні - 1 наурызда Қазақстан халқы алғыс айту күнін атап өтеді.
2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды жаңа мереке «Алғыс айту күні» деп жариялаған еді.
«Алғыс айту күні» - ұлттық бірлікті, қазақстандық патриотизмді және халықтың әлеуметтік оптимизмін нығайтуға, барша қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігін, достығы мен сүйіспеншілігін көрсетуге ықпал ететін күн.