Достар! Кітапханамызда «Жазғы оқу қаласының» және «Кітапханадағы жаз» жобасының ашылу салтанатына шақырамыз!
Сіздерді 5 маусым күні сағат 11.00-де Ерубаев көшесі 44 мекен-жайында 2023 жылдың күтеміз!
Сіздер үшін Шығармашылық алаңдар:
«Жазғы оқу қызық оқиғаға шақырады»: шеберлік сағаттар мен зейінді болу ойындары мен жаттығулар;
«ITландия»: технология әлемін зерттеушілер үшін қызықты алаң, ойындар мен спортты үйлестіру арқылы денсаулық әлеміне саяхаттау;
«Дамы! Ойна! Жаса! Арманда!»: танымдық және зияткерлік ойындар;
«Кітап патшалығы»: жаңа кітаптармен танысу, «Үйрен де жирен» шеберханасы;
«Көңілді арал»: суреттер байқауы, дидактикалық және дала ойындары;
«Балдәурен»: ұлттық ойындар, АРТ сағаттар мен асық-party;
«Полиглот»: тілдерді ойын арқылы үйрену сабақтары.
Бізге қосылыңыз! Жаңа мүмкіндіктер мен достар тауып, ой-өрісіңізді кеңейтіп, жазғы демалысыңызды «Кітапханадағы жазда» өткізіңіз!
Кіру тегін! Бірегей мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
Алаш қозғалысы, Алаш мұрасы, Тәуелсіздік идеясы ұғымдары сабақтас, өзара егіз ұғымдар. Қазақтың өзгелермен терезесі тең мемлекет болуын көксеген Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметін бүгінгі ұрпақ бағалап, ұлт жолындағы қызметін өмірлік маңызды бағыты етіп түйсіне алуы қажет. Осы бағытта Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Елін сүйген ерлер партиясының негізін қалаушыларының бірі, ақын, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері, жерлесіміз Махмет Темірұлының 100 жылдық мерейтойына арналған «Алаш идеясы және кеңестік кезеңдегі жастардың астыртын саяси ұйымдары: тарихи сабақтастық, тұлғалар тағылымы» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Биыл Қазақстанның халық қаһарманы, атақты партизан-жазушы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, артына өшпес мол мұра қалдырған қаламгер Қасым Қайсеновтың 105 жылдық мерейтойы. Осыған орай кітапхананың абонемент бөлімінің қызметкерлері Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік коледжінде 4 мамыр күні «Қаһарман ұлы қазақтың» атты тарихи сағат өткізді.
Кештің мақсаты: Жастарды Қазақ батыры, халық қаһарманы, партизан жазушы Қ. Қайсенов туралы тереңірек таныстыру, Батырдың ерлік істерін ұрпаққа үлгі ету және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан асса да жас ұрпақ майдангерлердің ерлігін ұмытпайды. Әсіресе қазақ жауынгерлері өзінің батылдығымен, қайсарлығымен көзге түсіп, жеңіске жетуге елеулі үлес қосты.
Құрметті оқырмандар! Назарларыңызға Қазақстанның халық қаһарманы, атақты партизан-жазушы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, артына өшпес мол мұра қалдырған қаламгер Қасым Қайсеновтың 105 жылдығына арналған «Қаһарман ұлы қазақтың» атты бейне шолуын ұсынамыз.
Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен жеңістің аяқталғанына биыл 78 жыл. Бұл жеңіс ұлтымыздың жадында мәңгі қалмақ.
Қарағанды аймағынан 1941-1945 жылдары майданға 45 мыңға жуық жауынгер аттанып, 18 мыңдай боздақ туған топырағына оралмай, майдан даласында, елден жырақта өшпес ерліктің үлгісін танытып, қаза тапты. 34 қарағандылық жауынгер – Кеңес Одағының Батыры жоғары атағын алды. Сол қаһармандарымыздың бірегейі - Мартбек Мамыраев.
2023 жылдың 2 мамырынан бастап кітапханада жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Оқырманға қызмет көрсету бөлімдері әдеттегі тәртіпте жұмыс жасайды.
Әкімшілік
2023 жылдың 26 мамыр күні ақын, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері, «ЕСЕП» негізін қалаушылардың бірі Махмет Темірұлының 100 жылдық мерейтойына арналған «Алаш идеясы және кеңестік кезеңдегі жастардың астыртын саяси ұйымдары: тарихи сабақтастық, тұлғалар тағылымы» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Конференция серіктестері:
- Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті тарих факультетінің «Жас Алаш» ғылыми-зерттеу клубы;
КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
- Алаш және Тәуелсіз Қазақстан: тәуелсіздіктің тарихи бастаулары;
- Абай дәстүрі және Махмет Темірұлы шығармашылығы;
- Алаш идеясы жас зерттеушілер көзқарасымен;
Конференцияға қатысуға ғалымдар, тарихшылар, өлкетанушылар, ақын-жазушылар, архив, музей, кітапхана қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, колледж, мектеп мұғалімдері және докторанттар, магистранттар, студенттер шақырылады.
Өтініш білдірушілердің баяндамалары 2023 жылдың 6 мамырына дейін мына Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштаға қабылданатынын ескертеміз.
Қазақ жерінің, қазақ елінің ең сұрапыл қасіреті «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихи оқиғасына 300 жыл толуына орай,25 сәуір күні кітапханамызда «Ұлы қасірет жылдары» атты тарихи сағаты өтті.
«Ұлы апат жылдары» - «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атауымен енген тарихи оқиға Ш.Құдайбердиевтің түсіндірмесіне сәйкес, «Жаяу-жалпы адамдардың ақ табан болғанша жүгіріп қашуы» делінген. Дәл сол жылдары қазақтың ең көне әні – жоқтау «Елім-ай» қазақ қайғысының символы ретінде дүниеге келді.
Шараның мақсаты – 1723-1727 жылдардағы Қазақстанның ең қайғылы кезеңінің тарихымен жастарды таныстыру, олардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру және қазақ халқының өткен тарихына құрмет көрсету.
"Аймақтық брендингті қалыптастырудағы кітапханалар" өңіраралық тәжірибелік семинары өз мәресіне жетті.
Семинарды Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырды. ЯндексТелемост https://telemost.yandex.ruплатформасында офлайн/онлайн форматында өткен аталмыш семинарда Ресей мен Қазақстан кітапханаларының тәжірибелері ұсынылды.
Кітапты таңдай білу, оны зейінді зеректікпен мұқият талдап оқи білу, ондағы сөздің, ойдың, түйінді тұжырымының құдіретін түсіну мен түйсіну, алған әсерлерді кейін өмірлік қажетіңе жарата білу. Бұл – әрбір адамның білігі мен білім деңгейін, пайымы мен парасатын, көреген кемел кісілігін ұдайы шынықтыра білудің озық та ұтқыр жолдарын айқындай алатын алғы шарттарының бірі.
23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай кітапханада «Өмірімді өзгерткен кітап» тақырыбында диалог – кездесу өтті.