Жер бетінде өмір сүріп жатқан әрбір адам өз Отаны үшін, өз халқын, өз елін, өз жерін және тарихын мақтан тұтады. Бізге бүгінгі күнде жарқын болашаққа батыл қадам басу үшін, өткенімізді ұмытпай, бүгінімізді ұлықтауымыз керек.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан - 2050": стратегиясы – Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында

Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек... Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратына кәміл сенемін...

- деп атап өтті.

Әрбір өскелең ұрпақ өзінің ата-бабаларының мәдени-тарихи мұраларын бойына сіңіре отырып, өз туған жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілігін, қамқорлығын қалыптастыру керек.

Қазіргі кезде біздің аймағымызда жас жеткіншектер арасында туған өлкеміздің тарихын білуге деген қызығушылық арта түсуде. Осының айқын айғағы - жалпы білім беретін мекемелерінде ұйымдастырылатын өлкетанулық іс – шаралар: факультативтер, үйірмелер, іздестіру жұмыстары, топтар, клубтар мен басқа да бірлестіктер өз көрінісін тауып келеді.

Осыған орай Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Жас өлкетанушы" атты үйірмесі ашылды.

Бұл үйірменің негізгі мүшелері  №38 гимназиясының оқушылары.

Бұл балалар, үйірмеден Сарыарқаның салқын белінде орналасқан Қарағанды облысының өткен тарихымыз бен қазіргі кезімізді екшелеп, материалдық және рухани байлығымызды жинақтап, зерделеуді үйренеді. Өндіретін өнімнің көлемі бойынша елімізде алдыңғы қатарлы ірі өндіріс орталығы болып саналатын қазыналы өлкеміз - Қарағанды туралы, көптеген белгілі тұлғалар жайлы және өз өлкесінің салт-дәстүрлерімен танысып, түрлі деректер мен оқиғалардан қорытынды шығаруда өз ой-өрістерін кеңейте алады.

Жас өлкетанушылардың жұмыстарымен танысқысы келетін баршаңызды біздің парақшамызға кіріп танысуға шақырамыз...

Өз өлкеңіздің тарихын танып, табиғатымен мақтан етіңіз!