Ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан "Орталық Қазақстан" және "Индустриальная Караганда" газеттеріне биыл 90 жыл толып отыр. Осыған орай, құрметті оқырмандар Сіздерді газеттердің шежіресінен сыр шертетін "Жаңалықтың жаршысы" атты фотокөрмеге шақырамыз.

Құрметті оқырмандар! Назарларыңызға ғалымдар Е.Тоқтарбай мен Н.Бейсенбекованың құрастыруымен шыққан «Орталық Қазақстанның тарихи тұлғасы: Мұстақым Малдыбаев» кітабына буктрейлер ұсынамыз.

2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіп, қыркүйектің екінші жексенбісін Отбасы күні деп белгілеген болатын. “Отбасы күніне” орай кітапханада ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысуға шақырамыз! Отбасы, махаббат және адалдық күні баршаңызға мықты және мінсіз отбасылық қарым-қатынас тілейміз!

2013 жылдан бастап қыркүйектің әр екінші жексенбісінде Қазақстанда дәстүрлі түрде Отбасы күні атап өтіледі.

Қазақстандағы Отбасы күнінің басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау және елдегі руханилықты нығайту.

Барлық уақытта "отбасы" ұғымы, ең алдымен, бізді тәрбиелейтін, сүюге, әлемге қызығушылық танытуға, басқаларға сенуге үйрететін адамдар туралы идеяны білдіріп келеді. Қазіргі қоғамда да "отбасы" ұғымы өзгерген жоқ. Бұл дегеніміз, отбасы қазіргі адам өміріндегі ең маңызды іргелі құндылық болып қала береді. Ол әрқашан мәдени және рухани дәстүрлердің сақтаушысы мен қамқоршысы болып қала бермек.

Толығырақ...

Қымбатты достар!

Абонемент бөлімі «Оқы! Ұсыныс жаса! Талқыла!» оқырмандар марафонының басталуы туралы жариялайды. Марафон 21 қазаннан 21 қарашаға дейін өткізіледі. Кітапты сүйіп оқитын әрі жаңа, беймәлім дүниелерді тануға асық жан болсаңыз, біліміңізді сынап, марафонға қатысуға шақырамыз.

«Оқы! Ұсыныс жаса! Талқыла!» оқырмандар марафонын ұйымдастыстыру және өткізу бойынша ереже.