"Жылап келіп, келмейді жылап кеткім!
Ол ғұмырды келеді бір-ақ тепкім.
Жамандықты жақсартып, жақсылықты,
Онан сайын келеді қуатты еткім"
2021 жылдың 9 ақпанында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына 90 жыл толды.
Аспантаудың ақиығы, поэзия патшасы Мұқағали Мақатаев туралы естеліктерге құлағымыз түрік жүретіні анық. Ақынның дара жолына, балалық шағына, өлеңді өміріне кез келген адам елең етіп, қызыға қарайды.
21 мамыр елімізде Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні атап өтілді. Мерекеге орай, мәдениет және өнер саласының қызметкерлері Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ғимаратында құрметке бөленді. Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Е.Қ.Жұмакеновтың қатысуымен өткен салтанатты шараға еңбек сіңірген өнер және мәдениет қайраткерлері, ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылары, сала қызметкерлері мен ардагерлер қатысты.
Салтанатты жиында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Е. Қ. Жұмакенов жиын қатысушыларын өңіріміздің мәдениет және өнер саласының жетістіктерімен таныстырып, өз сөзінде қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, жоғары нәтижелері мен адал еңбектері үшін алғыс білдірді. Сонымен бірге Қарағанды облысы әкімінің сыйлығын табыстау рәсімі күзге ауыстырылатыны туралы ақпарат берді.
Қадірменді оқырман, құрметті өнер сүйер қауым! Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған "Мәдениет маңызды құндылық" атты кітап көрмесін назарларыңызға ұсынамыз!
11 сәуір күні облыстық кітапханада «ZERDE» әдеби-мәдени клубының аясында ақын, облыстық, республикалық жыр мүшайраларының жүлдегері,
Жұмабек Тәшенов атындағы сыйлықтың иегері поэзия әлеміне өзіндік үн қосқан Хасен Кәмшаттың шығармашылығына арналған «Мөлдір сезім» атты кездесу кеші өтті.
Кештің мақсаты: рухани және интеллектуалдық дамытудың көзі ретінде кітапқа деген қызығушылықты ояту, кітап оқуды насихаттау. Отандық және әлем әдебиеттерін оқуға тарту, өсіп келе жатқан ұрпақтың әдеби талғамын арттырып, шығармашылығын дамыту.
Наурыз - көне мейрам. Қазақ халқында Ұлыс күні - жыл басы. Жер–Ана бусанып, көктемнің лебі білінетін мезгіл әрқашан қасиетті де киелі саналған Осы күнді «Жаңа жылдың басы, жаңа өмірдің бастауы» деп тану халық даналығы деуге лайық.
Бүгінде Наурыз мерекесі – жай ғана жыл басы немесе мерекелік рәсім емес, Азаттығымыздың рухани айғағы. Халқымызды рухынан ажыратпайтын, жігеріне жігер, салтанатына салтанат үстейтін мереке.
Ұлы мерекеміздің мемлекеттік мәртебе алып, ресми мерекелене басталғанына да 30 жыл болыпты. Бұл - Тәуелсіздігіміздің мерейлі 30 жылдығымен тұспа – тұс келетін мереке, барша қазақстандықтар үшін ортақ қуаныш. Осыған орай кітапханамызда «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Тағы мақалалар...
- Нашақорлық – ғасыр дерті
- Нұр-Сұлтан - болашақтың қаласы
- Облыстық «Кітап оқуды ілгерілетуде онлайн қызметтерді пайдалану» семинары (жүйе техник мамандарының секциясы)
- Облыстық «Сандық дәуірдегі кітапхана қорлары: дәстүрлі және электронды ресурстар, толықтыру, пайдалану» семинары (толықтырушылар секциясы)