2022 жылғы 18 қазандағы ҚР Үкіметінің №833 қаулысымен «24 қазан – Кітапханашылар күні» мерекесі болып бекітілді. Мерекенің басты мақсаты – кітапханашы мамандығының имиджін көтеру және оны кәсіби аренада ынталандыру болып табылады. Бұл тек кәсіби кітапханашылардың ғана емес, ең алдымен кітаптарды жақсы көретін, кітапханашының мәдени және қоғамдық өміріндегі орасан зор рөлін түсінетін адамдардың мерекесі.
Кітапханалар – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Олар оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы – кітапханашылар. Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Кітапханашылар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалауда.
Алғаш рет аталып отырған кітапханашылардың кәсіби мерекесіне орай 2022 жылдың 21 қазанында Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының базасында «Кітапханашы – мәртебелі мамандық» атты мерекелік шара өтті.
Кезекті кітаптар жарнамасына - қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің "Кел, балалар оқылық" кітабын назарларыңызға ұсынамыз.
Кездесу барысында радикалды діни ағымдардың іс-әрекетінен сақтану, деструктивті діни ағымдардың қоғамдық қауіпсіздікке, неке және отбасы институтына, адам денсаулығына төндіретін қаупі жайлы ақпарат беріліп, бейнефильмдер көрсетілді. Кітапхана қызметкерлері дін жөнінде көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, қонақты қордағы араб тілінде жазылған көне әдебиеттермен таныстырды.
Құрметті оқырмандар,Шахтерлер күні біздің аймағымыз үшін аса маңызды мереке болып табылады. Бұл - қарағандылықтар үшін ең қастерлі кәсіби мереке. Осыған орай, сіздерді кеншілер күніне арналған «Кенші еңбегі – елдің тірегі» атты фотокөрмені тамашалауға шақырамыз
Бұл фотокөрмеден сіздер кеншілердің қажырлы еңбегі, тұрмыс-тіршілігі жайындағы ақын-жазушылардың, журналистердің шығармаларымен, құнды фотосуреттермен және Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан алынған экспонаттармен таныса аласыздар.
Кеншілер күні - біздің өлкеміздің тарихы мен дәстүрлерін сіңірген сүйікті және ерекше мереке. Бұл - мерекені Қарағанды кеншілері 1948 жылғы 28 тамызда (кейбір деректерде 27 тамыз) алғаш рет атап өтті. Яғни биыл бұл мерекенің аталып өтуіне 75 жыл толып отыр.
Осыған орай, кеншілер тарихынан сыр шертетін «Кеншілер – Қарағандының жүрегі» атты диалог - кітап көрмесін тамашалаңыздар!
Диалог-кітап көрменің құрметті қонағы Қарағанды көмір өндірісінің ардагері, «Кенші даңқы» белгісінің толық иегері Алмас Сағынайұлы Рысқұлов.