2014 жылы Қарағанды облысының көне кітапханаларының бірі – Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК-сына 80 жыл толады.

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қалыптасып жетілуі Қарағанды көмір бассейнімен, Қарағанды қаласының құрылысы және оның дамуымен тікелей байланысты. Облысымыздың және қаламыздың әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымының дамуы кітапхананың дамуына да ықпал етті. Бұл жылдары кітапхана Қарағанды облысының ақпараттық, мәдени-сауық, біліми және әдістемелік ірі орталықтардың біріне айналды.

Кітапхананың 80 жылдық мерейтойын атап өту арқылы кітапхана беделінің тартымдылығы жоғарлайды. Атап өтілетін мерейтой Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК дамуының жаңа кезеңі болып қалыптасады. Мерейтой аясында өткізілетін іс-шаралар заманауи қоғамдағы кітапхана рөлін ұғынуға, облыстық әмбебап кітапхананың даму тұжырымдамасының жасалуына, жаңа оқырмандарды тартуға себепкер болады және кітапхана мамандығы беделінің жоғарлауына жәрдемдеседі.

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 80 жылдығын мерекелеу Тұжырымдамасы

2014 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК-ның 80 жылдық мерейтойына дайындық жасау мен мерекелеуге бағытталған іс-шараларының Жұмыс жоспары

«Гоголевка» туралы ең үздік мақала» байқауы туралы Ереже