2021 жылдың 28 қазан күні біздің кітапханада кәсіптік оқыту Мектебі аясындағы жүйе техниктар секциясында «Кітап оқуды ілгерілетуде онлайн қызметтерді пайдалану» атты облыстық семинар өтті.

Семинар бағдарламасы инновациялық кітапханалық қызметтің барлық бағыттары бойынша өзекті мәселелерді қамтыды және өңірлердегі әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Толығырақ...

2021 жылдың 19 сәуір күні біздің кітапханада ZOOM платформасында кәсіби оқыту Мектебі аясында толықтырушылар секциясында «Сандық дәуірдегі кітапхана қорлары: дәстүрлі және электронды ресурстар, толықтыру, пайдалану» атты облыстық онлайн – семинар өтті.

Семинар жұмысына ҚР Ұлттық кітапханасының маманы, ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы және облыстық, қалалық және аудандық кітапханалардың кітап қорын толықтыру бөлімінің мамандары қатысты.

Семинардың модераторы Н. В. Гоголь атындағы ОӘҒК басшысының орынбасары Г.Н.Умбединова болды.

Толығырақ...

2020 жылдың 18 қараша күні Н. В. Гоголь атындағы ОӘҒК мамандары ZOOM платформасында «Сандық технологиялар ғасырында кітапхана ісіндегі қызмет түрлерінің өзгеруі» V облыстық кеңейтілген семинарын өткізді. Аталмыш семинарға Қарағанды облысының барлық кітапхана басшылары мен әдіскерлері қатысты.

Толығырақ...

Облыстық  "Кітапхана оқу, даму, демалу және қарым-қатынасқа арналған кеңістік ретінде" семинары

2020 жылдың 23 қазан күні Н.В.Гоголь ат. ОӘҒК мамандары облыстық, қалалық және аудандық кітапханалардың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі мамандарына ZOOM платформасында "Кітапхана  оқу, даму, демалу және қарым-қатынасқа арналған кеңістік ретінде""  атты облыстық семинарын өткізді.

Семинарда карантин кезеңіндегі онлайн қызмет көрсету, балалар кітапханасының заманауи бейнесі, оқырман аудиториясының ақпараттық қажеттіліктерін зерттеу мәселелері талқыланды. Офлайн және онлайн форматтағы жұмыстың жаңа және тиімді түрлері; коворкинг орталықтарының қызметі; Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Сүйер ұлың болса, сен сүй..." жобасының мультимедиялық таныстырылымы ұсынылды.

Толығырақ...

2020 жылдың 13 наурыз күні Н.В.Гоголь ат. ОӘҒКоблыстық, қалалық және аудандық кітапханалардың кітап қорын толықтыру бөлімі мамандарына арналған «Кітапхана қорлары: есепке алу және сақтау. Сандық дәуірдегі кітапхана қоры»  атты облыстық семинар өтті. Семинар бағдарламасы кітап қорын толықтыру қызметінің барлық бағыттары бойынша өзекті мәселелерді қамтыды.Шара барысында кітап қорын толықтырушылар өз тәжірибелерімен бөлісті.

Толығырақ...