«ОКЖ дамуының басқару құралы ретіндегі басқарушылық болжау»

 

2013ж. 4-наурызы күні Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК облыстағы ОКЖ директорлары, облыстық кітапхана басшылары қатысқан «ОКЖ дамуының басқару құралы ретіндегі басқарушылық болжау» атты облыстық семинар-практикум өтті.Әлі түбегейлі зерттелмеген күрделі тақырыпты айқындауға және кітапханалардың ОКЖ жағдайын болжау сияқты айрықша механизмге басты назар аударуға тырысқан басшылар сапалы жоспарлау, бюджеттеу, бизнес-жоспарлау, басқарушылық есеп, мониторинг, стратегиялық жоспарлау және т.б. мәселелерді қарастырды.

Семинарды Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК директоры Д.Б.Аманжолова ашып, республикалық директорлар мәжілісінде қарастырылған Қазақстандық ұлттық электронды кітапхананы жылжытудағы, цифрлау, авторлық құқықты сақтаудағы облыстық кітапханалардың, қалалық, аудандық ОКЖ рөлін арттыру сияқты түйінді сұрақтарды талдап, түсіндірді.

Толығырақ...

  • «Кітапханаларды автоматтандыру: бағдарламалық қамтамасыз ету,
  • есептеуіш желілер. Кітапхана саласындағы бұлтты қызметтер»

облыстық семинар

Мақсаты: Бағдарламалық қамтамасыз етуді лицензиялау, жергілікті желілерді монтаждау, серверлерді сатып алу, лицензиялаудың тиімді саясаты туралы білім алу.

«СофтЛайн Трэйд» ЖШС аймақтық өкілдігінің жетекшісі Виктор Борисович Букин бағдарламалық қамтамасыз етуді қамтамасыз ету, лицензиялаудың тиімді саясаты бойынша кәсіби кеңестер берген семинардан облыс кітапханаларының жүйе техниктері мен бағдарламашылары мол мағлұмат алды.

«XNET» аға менеджері Тайжанова Әйгерім Қанатқызы серверлерді сатып алу, желілік құралдарды және жергілікті желіні монтаждауды жете түсіндірді.

«Қазақтелеком» АҚ Қарағанды филиалының ақпараттық жүйелер дирекциясының коммерциялық өкіліДосмағанбетов Данияр Әскенұлы ID Host (хостинг, colocation, vps, dedicated) қызметтері, бұлтты бейне-конференция туралы түсініктер берді.

Толығырақ...

«Жаңа технологияларды дамытудағы басқару шешімдері»

облыстық семинар-практикум

Мақсаты: жаңа технологияларды дамытуда қарастырылатын мәселелерді шешуге бағытталған басқару шешімдерін қабылдау.

ОКЖ директорлары «Креатида» интернет-компаниясының web-сайттарын құру, қолдау мен талдау бойынша кәсіби кеңестер алып, кітапхана сайттарының тиімділігін бағалау мен талдау бойынша жұмыстан тәжірибе алмасып, «РАБИС» АЖО (АРМ) проблемалық сұрақтарын, лицензиялық бағдарламаларды сатып алу және есептеуді қарастырды. Семинарда Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК автоматтандыру бөлімінің білікті маманы Н.Ә.Рақымова келелі кеңестер берді.

Тәжірибелік жағдайлық міндеттерді шешу және талдау теоретикалық білімді бекітіп, қажетті дағдыны тудыруға мүмкіндік берді. Келесі ұсыныстар қабылданды: серверлер, желілік құралдар сатып алу және жергілікті желілерді демонтаждау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, лицензиялаудың тиімді саясаты, сайт құру, ЭК дамыту.

Толығырақ...

«Кітапханалар цифрлық ортада және қазіргі заманғы қоғамның талаптары»

әдіскерлер секциясы

2012 ж., 9-қараша

Цифрлық кезеңге кітапханаларды дамытудың негізгі басымдықтарын анықтау мақсатында «Кітапханалар цифрлық ортада және қазіргі заманғы қоғамның талаптары» атты облыстық семинар-практикум өтті. Семинарда «Кітапханалардың цифрлық кезеңде болашағы бар ма?» тақырыбы талқылады. Әдіскерлер «Кітапханалар цифрлық кезеңдегі қалай өмір сүріп, қандай қызметтерді ұсынуы керек? Қызметтің қандай үлгісін таңдаймыз? Кітапханалар ақпараттық-коммуникациялық сауаттылықтың оқу орталығына немесе үздіксіз білім беру мен өзідігінен білім алу орнына айналуы керек пе? Мәдени-сауықтыру орталығындай, болмаса еліміздің мәдени мұрасын сақтау орны сияқты дамысын ба? Ақпарат пен білімге қолжеткізу нүктесі саналсын ба? Әлде пайдалы ақпарат пен құжаттарға тегін қолжеткізу орны болуы тиіс пе?» деген сұрақтарды ортаға алып, саралап, талдады.

Толығырақ...

 «Оқитын ...» Шығармашылық платформасы»

облыстық семинар бағдарламасы

2012 ж., 3-мамыр

Қарағанды облысының ОКЖ қызмет көрсету бөлімдерінің меңгерушілері үшін

Семинар мақсаты: Облыс ОКЖ қызмет көрсету бөлімдерінің меңгерушілеріне арналған үшін өз ауылы, ауданы және қаласындағы кітап оқымайтын тұрғындарды кітапханаға келмеген оқырмандарын кітап оқуға тартып, тұрғындарды заманауи кітапханалардың қызметі жайлы ақпараттандырып, оқу беделін арттыру үшін шығармашылық платформа дайындау. Қала, аудан күні, демалыс күні бағдарламасы аясында және т.б. көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру арқылы кітапхананың креативті, жан-жақты мәдени-сауықтыру орталығы сияқты кітапхана имиджін құру.

Толығырақ...