• «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жағдайында
    • облыс кітапханаларының қорын қалыптастыру»

2013 ж. 1-сәуірінде Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК облысымыздың толықтырушылары «Кәсіби оқу Мектебінің» толықтырушылар секциясы аясындағы «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жағдайында облыс кітапханаларының қорын қалыптастыру» тақырыбындағы кезекті семинарда бас қосты.

Семинарды Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК директоры Д.Б.Аманжолова ашып, облыс кітапханаларында ақпараттық қызметтер аясын кеңейтудегі шағын, орта бизнес пен кәсіпкерлік өкілдерін уақытылы әрі толық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау, облыстағы барлық ОКЖ дайындалған «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама» бойынша атқарылып келе жатқан іс-шаралар туралы мәліметтер беріп, облысымыздағы осы бағдарлама қаржыландыратын 69 жоба мен осы жоба аясында атқарылатын жұмыстарды талқылады.

Толықтырушылар секциясының жетекшісі, кітапханаларды дамыту бөлімінің инновациялық-әдістемелік жұмыстар бойынша аға кеңесшісі И.С.Иссык Қарағанды облысы кітапханаларында «ҚР ҮИИДж мемлекеттік бағдарламаны» жүзеге асыру және оны құжаттық қамтамасыз етудегі облыс кітапханаларының атқаратын рөліне тоқталды.

 

Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК КҚТжӨБ меңгерушісі С.И.Головко ОӘҒК «Создание информационно-ресурсной базы ОУНБ, отражающей инновационный контент в соответствии с основными направлениями ГП ФИИР» (ҚР ҮИИДжМБ» негізгі бағыттарына сәйкес инновациялық контент көрсетілетін ақпараттық-ресурстық база құру), өлкетану бөлімінің қызметкері С.А.Медведкова «Инвестиционные проекты по Карагандинской области: Карта индустриализации области» тақырыптарында баяндамалар жасап, кеңестер берді.

Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК Интернет-класс бөлімінің меңгерушісі Т.В.Воропаева «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Елбасы Жолдауын жүзеге асыру аясындағы энергия үнемдеу виртуалды кабинеті тұрғысында мәлімдеме жасады.

Облыс кітапханаларымен тығыз қарым-қатынастағы кітап сауда ұйымдарының өкілдері «Цой А.А.» ЖК менеджері Л.С.Вологина мен «Ибраев» ЖК директоры Б.Қ.Ибраеваның «ҮИИДБ» жүзеге асырудағы сатылымда бар басылымдар туралы берген мәліметтерін толықтырушылар назарларына алды. Семинар мүшелері кітап сауда ұйымдарымен тендер мәселесі, техника, ауыл шаруашылығы саласына қатысты әдебиеттердің (әсіресе, мемлекеттік тілдегі) жетіспеушілігі жайлы айтып, толықтырылуда туындайтын қиындықтарға тоқталды. Осы саладағы кітаптардың елімізде шықпайтынына өкініштерін білдіріп, ресейлік басылымдарды алуда кездесетін күрделі мәселелерді ортаға салды.

Қозғалған тақырыптар соңғы 3 жылдағы деректерге сүйене келтірілді: жаңа басылымдар санының жалпы түсімінен ауыл шаруашылығы, өндіріс саласына қатысты юююбасылымдар түсімі 3%-дан сәл астам, яғни 3,5% немесе 3913 дана (2010 ж.), 3,14 % немесе 4686 дана (2011ж.), 3,1 % немесе 5034 дана (2012 ж.). Осы тақырыптағы мемлекеттік тілдегі басылымдар аз түседі: 2010 ж. - 1342 дана немесе 2,07%, 2011ж. - 1438 дана немесе 1,64 %, 2012 ж. - 2080 дана немесе 20,05%. 2012ж. аяғындағы кітап қорындағы техника, ауыл шаруашылығы бойынша басылымдар 461 мың 551 дана немесе 7,01%. Мемлекеттік тілде - 80 мың 217 дана, яғни мемлекеттік тілдегі қордан 4,01%. Қордың 53%-дан астамы қолданыста емес. 2000 ж. дейінгі шыққан басылымдардың тек 30%-ы қолданыста.

Барлық ОКЖ айналадағы өзгерістерді ескере (ауыл шаруашылығын жетілдіру, индустриаландыруды одан әрі дамыту және т.б.) өз аймақтарының инфрақұрылымын жүйелі түрде зерттеулері жайлы ой бөлісіп, облыс кітапханаларында дайындалған жоспарлар негізінде «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны ақпараттық қамтамасыздандыру» үлгі жиынтық жоспарын талдады.

Саран, Шахтинск ОКЖ қызметкерлері техника, ауыл шаруашылығы тақырыбындағы қорды қалыптастыруда экономикалық салаға қатысты құрастырылатын картотекаларды келтірді. Жұмыс сапасын арттырудағы экономикалық саладағы картотекалардың жаңартылуы, мақалалардың жүйелі картотекасына енгізілген жаңа өзекті айдарлар туралы мағлұматтар берілді: Осакаров, Шахтинск, Бұқаржырау, Сәтпаев, Теміртау, Саран ОКЖ кітапхана сайттарында «В помощь бизнесу» беттерін ашып, әр түрлі сұрақтар бойынша интернет-ресурстарды ұсынып келеді. Барлық кітапханаларда шағын, орта бизнес пен кәсіпкерлік саласына қатысты заңнамалық құжаттар бөлінген.

Семинардың 2-бөлімі баспа сайттарымен, электронды кітапханалармен таныстыратын «ҚР ҮИИДжМБ жүзеге асырудағы интернет-ресурстар» атты тәжірибелік сабақпен жалғасты, толықтырушылар белгілі бір тақырыпта шыққан кітаптар туралы ақпарат алуды, кітап мәтіндерін жүктеуді үйренді. Еліміздегі кітап нарығы туралы мемлекеттік ақпарат жүйесінің жоқтығы, жаңа басылымдар туралы және олардың қай баспада шыққаны жайлы мәлімет беретін арнайы бюллетендердің (ай сайын, тоқсан сайын) шығарылмауы жайлы өзекті мәселелерді қозғаған мамандар еліміздегі аталмыш тақырыпта кітап өндіретін баспалардың аздығына өкініштерін білдіре, Интернетке жүгініп, ұсынылған техника, ауыл шаруашылығы саласына қатысты кейбір мерзімді басылымдармен, желідегі онлайн-нұсқалармен қатар, нөмірлер мұрағатымен таныс болды.

Толықтыру мәселесі қозғалған семинарға белсене қатысқан кітапхана қызметкерлері жоғарыда аталған мәселелерді шешуге бағытталған төмендегі ұсыныстарды қабылдады:

  1. «Қазақстан Республикасынүдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегімемлекеттік бағдарламасы» аясында өз аймағының индустриаландыру картасына енгізілген инвестициялық жобалар тізімін құрастырып, жаңа жобаларды ұдайы қадағалау. Жергілікті жерлерде әкімдік, жұмыспен қамту орталығы, кәсіпкерлік бөлімдері және басқа да мемлекеттік, қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс атқаруды жалғастыру;
  2. Кітапханалар дайындаған «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны ақпараттық қамтамасыздандыру» жоспарларын толықтыру;
  3. Индустриаландыру картасы негізінде толықтырудың әлеуметтік-экономикалық саласына өзгертулер мен толықтырулар енгізу. Міндетті түрде сатып алынатын басылымдар  (кәсіпорындардың шығаратын өнімдері, мамандыққа байланысты кітаптар және т.б.) тақырыбын анықтау. Әр түрлі деңгейдегі мамандарды жеке ақпараттандыру.
  4. Техника, ауылшаруашылығы тақырыбына қатысты шыққан кітаптар туралы ақпаратты Интернет немесе басқа дереккөздер арқылы (мыс., мерзімді басылымдар) ұдайы бақылар отыру. Ол үшін Қазақстан және Ресей баспалары сайттарының картотекасын жүргізу;
  5. Техника, ауыл шаруашылығы басылымдарымен кітапхана қорларын қосымша толықтыру бойынша жұмысты жүргізу. Жүктелген толықмәтінді басылымдарды жинақтай, электронды кітапханаларды белсенді түрде қолдану. Кітапхана сайтында ұсынылған Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК электронды каталогына жүгіну;
  6. Оқырмандардың, нақты мамандардың ауыл шаруашылығы, техника тақырыбындағы мерзімді басылымдарға сұранысын (тақырыбын) зерттеп, 2014 жылға және 2013 жылдың 2-жартыжылдығына мерзімді басылымдарға жазылуды рәсімдеу кезінде ескеру;
  7. онлайн-нұсқалардың, нөмірлер мұрағатының (мыс., «Аграрный сектор», «Промышленный Казахстан», «AgroӘlem», «Энергетика» журналдары және т.б.) мерзімді басылымдар картотекасын құрастыру. Тігінділерді қалыптастырып, оларды кітапханашылар мен оқырмандар арасында насихаттау.

Толықтырушылар секциясы сабағының бағдарламасы

  • 10.00.-10.10.Семинардың ашылуы.
  • Д.Б.Аманжолова – Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК директоры
  • 10.10.-10.35. Қарағанды облысы кітапханаларында «ҚР ҮИИДж мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру және оны құжаттық қамтамасыз етудегі облыс кітапханаларының рөлі.
  • И.С.Иссык – Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінің инновациялық-әдістемелік жұмыстар бойынша аға кеңесшісі
  • 10.35.-10.35. ОӘҒК «ҚР ҮИИДжМБ» негізгі бағыттарына сәйкес инновациялық контент көрсетілетін ақпараттық-ресурстық база құру.
  • С.И.Головко – Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК КҚТжӨБ меңгерушісі
  • 10.50.-11.10.Инвестиционные проекты по Карагандинской области: Карта индустриализации области.
  • С.А.Медведкова - Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК өлкетану бөлімінің қызметкері
  • 11.10.-11.50.«ҮИИДжМБ» жүзеге асырудағы қаламыздың кітап сауда ұйымдары.
  • «Ибраев» ЖК
  • «Цой» ЖК
  • 11.50.-12.20. Экономикалық салаға қатысты картотекалар  - техника, ауыл шаруашылығы қорын қалыптастыру құралындай.
  • Шахтинск, Саран ОКЖ
  • 12.20.-12.30. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Елбасы Жолдауын жүзеге асыру аясындағы энергия үнемдеу виртуалды кабинеті.
  • Т.В.Воропаева – Н.В.Гоголь атындағы Интернет-класс бөлімінің меңгерушісі
  • 12.30.-13.40.Үзіліс.
  • 13.40.-14.40.Талқылау және тәжірибе алмасу.
  • Бұқаржырау, Саран, Сәтпаев, Теміртау, Шахтинск және басқа ОКЖ.
  • 14.40.-15.30. ҚР ҮИИДжМБ жүзеге асырудағы интернет-ресурстар.
  • Тәжірибелік сабақ.
  • 15.30.-15.40. Ұсыныстарды қабылдау.