2021 жылдың 28 қазан күні біздің кітапханада кәсіптік оқыту Мектебі аясындағы жүйе техниктар секциясында «Кітап оқуды ілгерілетуде онлайн қызметтерді пайдалану» атты облыстық семинар өтті.

Семинар бағдарламасы инновациялық кітапханалық қызметтің барлық бағыттары бойынша өзекті мәселелерді қамтыды және өңірлердегі әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Семинарға арнайы «Universal Marketing Group» компаниясының әзірлеу бөлімінің басшысы И.И. Киселев шақырылды. Өз баяндамасында «SEO – оңтайландыру» яғни, сайт құрылымын құру, сайттың бір жылдан кейінгі нәтижелерін талдау және интернет желісінен кез-келген оқырман кітапхана сайтын қандай кілт сөздері арқылы оңай іздеп табуға болатыны жайлы кітапхана сайтын ілгерілету мақсатындағы өз кеңестерімен бөлісті.

Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК-ның кітапхана ісін автоматтандыру бөлімінің жүйе технигі Нұрмағанбетов Асқар «Заманауи кітапханалық тәжірибедегі IT – стратегия» баяндамасымен таныстырып, облыстың ОКЖ-нің сайттары бойынша талдауымен бөлісті.

Талдау барысында Шахтинск қ. кітапхана сайтын үлгі ретінде көрсетіп кейбір кітапханаларға жалпы сайтқа қойылатын талаптар: құрылымдық ақпарат, жағымды дизайн, жақсы конверсия, сайт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бойынша ұсынысын білдірді.

Сонымен қатар, Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК-ның кітапхана ісін автоматтандыру бөлімінің мамандары: Рахим Қайрат ОКЖ IT-мамандарына «Деректер базасы желілік қауіпсіздігі» тақырыбында кеңес жүргізді, ал Абрамчук Елена «Интерактивті онлайн сервистер (Learning Apps, Padlet, Learnis)» жайлы өз тәжірибесімен бөлісіп интерактивті онлайн сервистерге қатысты «Kahoot» шеберлік ойнын ұсынды. 

Семинар барысында, облыс кітапханалары Балқаш қ. ОКЖ, Жаңаарқа ауданының ОКЖ, Қарағанды қ. ОКЖ, Шет ауданының ОКЖ-нің IT-мамандары «Заманауи медиа кеңістіктегі кітапхана (сайт, әлеуметтік желілер)» тақырыбында инновациялық кітапханалық қызметтің мәселелерін талқылап, тәжірибелерімен бөлісті және де Шахтинск қ. ОКЖ мамандары «Web-РАБИС бағдарламасының проблемалық мәселелері» тақырыбында кеңес берді. Яғни, WEB-Рабисте библиографиялық жазбаларды редакциялау, мәтінді библиографиялық жазбаға байланыстыру, толық мәтінді мәліметтер базасын құру, сондай-ақ бағдарламада корпоративтік жазба бойынша ұсыныс айтылды.

Аталмыш семинар офлайн және онлайн (ZOOM платформасында) форматында өткізілді.