2021 жылдың 19 сәуір күні біздің кітапханада ZOOM платформасында кәсіби оқыту Мектебі аясында толықтырушылар секциясында «Сандық дәуірдегі кітапхана қорлары: дәстүрлі және электронды ресурстар, толықтыру, пайдалану» атты облыстық онлайн – семинар өтті.

Семинар жұмысына ҚР Ұлттық кітапханасының маманы, ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы және облыстық, қалалық және аудандық кітапханалардың кітап қорын толықтыру бөлімінің мамандары қатысты.

Семинардың модераторы Н. В. Гоголь атындағы ОӘҒК басшысының орынбасары Г.Н.Умбединова болды.

Семинар бағдарламасы кітап қорын толықтыру қызметінің барлық бағыттары бойынша өзекті мәселелерді қамтыды. Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК-ның кітапханаларды дамыту бөлімінің басшысы А.К.Карашова жылдық есептің нәтижелері бойынша Қарағанды облысы кітапханаларының кітап қорын толықтыру жағдайы туралы баяндама жасады. ҚР Ұлттық кітапханасының сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі А.Қ.Бекпулатова кітапхананың қорындағы сирек  басылымдар туралы ақпарат берді және ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Н. Б. Қабылов ҚР-дағы діни әдебиеттерге мемлекеттік сараптама жасау бойынша кәсіби кеңес ұсынды.

Сонымен қатар, облыс кітапханаларының мамандары кітап қорын толықтыру қызметінің бағыттары бойынша мәселелерді талқылап, тәжірибелерімен бөлісті: Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК-ның құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру бөлімінің басшысы С.И.Головко, Абай ат. ОБК кітап қорын толықтыру және сақтау бөлімінің басшысы О.М.Мусина, Шахтинск қ. ОКЖ қорларды ұйымдастыру және пайдалану бөлімінің меңгерушісі О.В.Сафарова, Бұқар–Жырау ауданының ОКЖ кітап қорын толықтыру және өңдеу секторының аға кітапханашысы О.В.Рощупкина, Теміртау қаласының ОКЖ кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің басшысы С.А.Волкова.

Онлайн – семинар қатысушыларға кітапхана қорын толықтыру мен өңдеудің өзекті мәселелерімен танысып қана қоймай, өңірлердегі әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

10.00-10.05

Ашылуы

Аманжолова Дина Базарбайқызы

 Н.В.Гоголь ат.ОӘҒК басшысы

10.05-10.15

Жылдық есептің нәтижелері бойынша Қарағанды облысы кітапханаларының кітап қорын толықтыру жағдайы

Карашова Айгүл Каупенқызы

Н.В.Гоголь ат.ОӘҒК облыс кітапханаларын дамыту бөлімінің басшысы

10.15-10.25

Алматы қ. ҚР Ұлттық кітапханасының сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры

Бекпулатова Айхан Құдайбергенқызы

ҚР Ұлттық кітапханасының  сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі  

10.25-10.35

ҚР-дағы діни әдебиеттерге мемлекеттік сараптама

Қабылов Нұрғали Бердікулович

Қарағанды облысының дін істері басқармасы дін істері Комитетінің басшысы

10.35-10.45

Қарағанды облысы ОКЖ кітапхана қорын балалар әдебиетімен толықтыру мәселелері

Мусина Орал Маратқызы

Абай ат.ОБК кітап қорын толықтыру және сақтау бөлімінің басшысы

10.45-10.55

Мерзімді басылымдарды есепке алу және сақтау:  ОКЖ тәжірибесінен

Сафарова Ольга Васильевна

қорларды ұйымдастыру және пайдалану бөлімінің меңгерушісі

Шахтинск қ. ОКЖ

10.55-11.05

 

 

Кітап қорын толықтыру және пайдалану:  ОКЖ тәжірибесінен

Мельник Наталья Владимировна

кітап қорын толықтыру және өңдеу секторының меңгерушісі

Бұқар жырау ауданының ОКЖ

11.05-11.15

Волкова Светлана Анатольевна

кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің басшысы Теміртау қаласының ОКЖ

11.15-11.20

Блиц-кеңес

Головко Светлана Ивановна

Н.В.Гоголь ат.ОӘҒК құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру бөлімінің басшысы

11.20-11.30

Қорытындылау