Облыстық  "Кітапхана оқу, даму, демалу және қарым-қатынасқа арналған кеңістік ретінде" семинары

2020 жылдың 23 қазан күні Н.В.Гоголь ат. ОӘҒК мамандары облыстық, қалалық және аудандық кітапханалардың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі мамандарына ZOOM платформасында "Кітапхана  оқу, даму, демалу және қарым-қатынасқа арналған кеңістік ретінде""  атты облыстық семинарын өткізді.

Семинарда карантин кезеңіндегі онлайн қызмет көрсету, балалар кітапханасының заманауи бейнесі, оқырман аудиториясының ақпараттық қажеттіліктерін зерттеу мәселелері талқыланды. Офлайн және онлайн форматтағы жұмыстың жаңа және тиімді түрлері; коворкинг орталықтарының қызметі; Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Сүйер ұлың болса, сен сүй..." жобасының мультимедиялық таныстырылымы ұсынылды.

Шара барысында облыстық кітапханалардың мамандары: абонемент бөлімінің басшысы Ярцева Эльмира Каратаевна, өнер туралы әдебиеттер бөлімінің басшысы Оспанкұлова Балжан Зейнелқызы, Абай атындағы ОБК мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет  көрсету  бөлімінің басшысы Кучаева Елена Олеговна және  Балқаш, Саран, Бұқар жырау, Абай ОКЖ қызметкерлері жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға қатысушылар іс-шараның маңыздылығын және карантин кезеңіндегі кітапханалардың онлайн жұмысының өзектілігін атап өтті.

СЕМИНАР БАҒДАРЛАМАСЫ

10.00-10.05

Ашылуы

Аманжолова Д. Б.,

  Н.В.Гоголь ат.ОӘҒК басшысы

10.05-10.15

Кітап оқуды дамытудың заманауи әдістері

Карашова А.К., Н.В.Гоголь ат.ОӘҒК облыс кітапханаларын дамыту бөлімі басшысының м.а.

10.15-10.25

 

Кітапхана заманауи интерпретацияда:  Н.В.Гоголь ат.ОӘҒК тәжірибесінен

Ярцева Э.К.

Н.В.Гоголь ат.ОӘҒК абонемент бөлімінің басшысы

10.25-10.35

 

ONLINЕ кітапхананың бүгінгі тынысы

Оспанкулова Б.З.

Н.В.Гоголь ат.ОӘҒК  өнер бөлімінің басшысы

10.35-10.45

Жаңа заман бейнесіндегі балалар кітапханасы

Кучаева Е.О.

Абай ат. ОБК  мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет  көрсету бөлімінің басшысы

10.45-10.55

Офлайн-онлайн режимде жұмыс істеудің жаңа және тиімді түрлері

Арзымбетова Айжан Қамбарқызы

оқырмандарға қызмет көрсету

бөлімінің басшысы

Балқаш қ. ОК

10.55-11.05

Оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін зерттеу

Ханафина Гулзият Келдібекқызы

Саран қ. ОҚК

оқырмандарға қызмет көрсету

бөлімінің басшысы

11.05-11.15

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Сүйер ұлың болса, сен сүй...» жобасының мультимедиялық таныстырылымы

Асқарова Майгүл Насырқызы

Бұқаржырау ауданының ОКЖ

кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері

11.15-11.25

Кітапханадағы коворкинг - заманауи кітапхананың жаңа келбеті

Тоқсамбаева Орынбала Батырқызы

Абай қ. ОҚК

оқырмандарға қызмет көрсету

бөлімінің басшысы

11.25-11.35

Семинар жұмысын қорытындылау