Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/metod/2019_ORB is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/metod/2019_ORB is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

2019 жылғы 13 қарашада Қарағанды ОӘҒК базасында «Облыс кітапханаларын жаңғырту: идеялардан тәжірибеге дейін» атты IV облыстық кеңейтілген семинар өтті.

Семинар жұмысына біздің облыстың ОКЖ директорлары, әдіскерлері және IT-мамандары, көлік, байланыс және қызмет көрсету саласының статистикасы басқармасының, Қазыбек би ауданының ХҚКО қызметкерлері, ЭЛАР корпорациясының өкілдері қатысты.

Семинар Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары С. О. Оспанованың құттықтау сөзімен ашылды.

Семинар бағдарламасы инновациялық кітапханалық қызметтің барлық бағыттары бойынша өзекті мәселелерді қамтыды.

Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК-ның кітапханаларды дамыту бөлімінің басшысы Г. Н. Умбединова «Қарағанды облысы кітапханаларының қызметі туралы ақпарат» атты баяндамасында облыс кітапханалары туралы, атап айтқанда, қорлардың жағдайы, жинақтау және кітапхана кадрларының мәселелеріне талдау жасап, кітапхана зерттеулерінің қорытындысы мен аттестаттау нәтижелерін шығарды.

{gallery}material/metod/2019_ORB{/gallery}

Көлік, байланыс және қызмет көрсету саласының статистикасы басқармасының жетекші маманы Ж. М. Әшірбекова «1-Кітапхана статистикалық нысанын толтыру», Қазыбек би ауданының ХҚКО басшысы А. Б. Жантеловтың «Үшінші тұлғаларға электрондық анықтамаларды алу бойынша тегін сервис», Қазақстандағы ЭЛАР корпорациясының өкілдігінің басшысы Ш. Т. Омаровтың  «Электрондық мұрағат» атты баяндамалары тыңдалды.

Семинар барысында Бұқар Жырау ОКЖ «Кітап және жастар» атты жастар арасында кітап оқуды насихаттау бойынша фестиваль-акциясы және Шет ОКЖ «Kitap-Fest. Kitaphanashy-Best» атты кітапханалық фестиваль туралы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

{gallery}material/metod/2019_ORB_1{/gallery}

Н.В.Гоголь ат. ОӘҒК жетекші мамандары кітапханаларды цифрландыру дәуірінде дамыту көрінісін ұсынды. Сонымен қатар, облыс ОКЖ IT-мамандарына арналған ЭЛАР жаңа аппараттық-бағдарламалық кешенінде құжаттарды цифрлау бойынша мастер-класс өткізілді.

Семинарға қатысушылар іс-шараның маңыздылығын, ұсынылған баяндамалардың жоғары деңгейін атап өтті.