Кітапханамызда 18-23 сәуір аралығында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні мен Қазақстандағы балалар жылы аясында «Бүгінгі сән – КІТАП ОҚУ!» атты балалар мен жастар кітабының апталығы өтті.

Мақсаты – кітап шығарушыларға, жазушылар мен ақындарға құрмет көрсету, кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру, жастарды кітап оқуға баулы, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту.

Балалар мен жастар кітабының апталығының қатысушыларына қызыққа толы шаралар әзірленіп, ашылу салтанатында кітапхананың үздік оқырмандары мен жанашырлары марапатталды.

«Bilim ortalygynda» «Жастар оқиды және кеңес береді» үлкен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ұсынылған кітаптардың ауқымы кең болды, оқырмандардың қалауы мен талғамына сай: психология, нон-фикшн, бестселлер, ертегілер мен фантастика жанрындағы кітаптар ұсынылды. Оның ішінде «Жасырын кездесу» әдеби ойынына дайындалған экспозиция ерекше орын алды. Әдеби ойынға қатысқан қатысушылар, өздерінің эрудициясын, зияткерлігі мен  логикасын тексерді. Олар қағазға оралған жасырылған кітаптардың қысқаша аннотациясы, кітаптан алынған дәйексөз немесе суреттер арқылы өздерінің түйсіктеріне сүйене отырып кітаптың атауы мен авторын табу арқылы қызықты кітаптармен танысты.

Кітапхананың барлық бөлімдерінде түрлі аудиториялар үшін түрлі алаңдарда қызықты кездесулер мен кітап таныстырылымдары, «Әдеби эксперсс» квест ойыны, «Интерактивті кітаптар» Әдеби тур, «Қуыршақ әлемінде» шеберлік сағаты және «World of the foreign literature» интерактивті викторинасы ұсынылды.

Ақпараттық-библиографиялық, ұйымдастыру және негізгі қорларды сақтау бөлімдері бірлесіп ұйымдастырған «Әдеби эксперсс» квест ойынының бағыты қазақ және орыс әдебиетінің шығармаларының авторлары мен ертегілерінің кейіпкерлерімен байланысты болды. Қатысушылар белгілі бағыттарды аралай отырып, кітап сөрелеріндегі белгілерді тауып, әртүрлі тапсырмаларды орындап, кітапхана бойынша саяхат жасады.

Құжаттарды цифрландыру секторы оқырмандар үшін Абай шығармалары бойынша интерактивті тур дайындады. Қатысушыларға «Interactiv Kazakhstan» баспасының «Даналық әліппесі» атты кітаптар топтамасын ұсынды. Бұл кітаптардың ерекшелігі - олар «сөйлейтін қалам» арқылы оқылады. Шара барысында «Аққу» күйін тыңдап, соңында олар «Пазлды жина» ойынына қатысып, LearningApps бағдарламасының көмегімен қазақтың мақал-мәтелдері мен Абайдың жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерін жинады.

«Өмірімді өзгерткен кітап» пікір алмасу алаңында арнайы шақырған қонақтар өз өміріндегі кітаптардың маңыздылығы туралы айтып, алғашқы оқыған кітаптың әсерін еске алып, балалар оқуына арналған әдебиеттер шығару, отбасылық оқу және т. б. мәселелерді көтерді. Жастар көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алды.

Халықаралық кітаптар бөлімі алаңында «Шетел әдебиеті әлемі» және «Әлем елдерінің тулары» атты интерактивті викторина өткізді. Сонымен бірге Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерінің қатысуымен «Бірлік – достықтың кілті» атты кездесу кешін өткізді. Кешке «Суайчыннікі» Қарағанды облысының белорустарының этномәдени қоғамдық бірлестігі, «Умырзая» аймақтық татар - башқұрт орталығы қоғамдық бірлестігі, «Видергебурт» неміс орталығы Қарағанды облыстық қоғамы, «Полония» Қарағанды облыстық поляк қоғамы, «Lituanica» Литва мәдени орталығының өкілдері және Румыния мәдени орталығы қоғамдық бірлестігі «Дакия» қоғамы сияқты этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Қатысушыларға кездесу барысында Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерінің қызметі және өнерлерімен жақынырақ танысып, Қазақстан халықтарына арналған әдеби танымдық шолу, музыкалық және танымдық викториналар ұсынылды. Кеш қатысушылары викторина сұрақтарына үлкен қызығушылықпен жауап берді.

Кітапханада көркем әдебиеттің жаңа және дәстүрлі жанрларын дәріптеуге бағытталған әдеби жобалар үнемі жүзеге асырылады. Жақын және шексіз болашақ, беймәлім дүниелер адамға шындықтың шындығын ұмытып, белгісіздің арманшыл романтикалық әлеміне сүңгуге мүмкіндік беретін, қазіргі заманның кең тараған жанрларының бірі фэнтези жанры жастар арасында өте танымал.

Оқу залында public-talk форматында «Қиял әлемі» атты кездесу «Принц Уэльского» және «Сакма в Горний мир» кітаптарының авторы, жас жазушы Александр Владимирович Алешковпен өтті. Талқылауға Леон Батист атындағы оқырмандар клубының мүшелері Әділ Мұхамеджанов пен Мадияр Оспанов қатысты. Кездесуге қатысушылар фантастика мен фэнтези сияқты әдеби жанрлар туралы білді. А. Алешков кітап жазу тәжірибесі мен әдеби қалауы туралы баяндады. Леон Батист атындағы оқырмандар клубының мүшелері кітап туралы өз әсерлерімен бөлісіп, пікірлерін айтты. Кездесу соңында «Фэнтези=Фантастика» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Көрсетілген мақсатты аудиторияға қарамастан апталыққа «Таңғажайып және шығармашылық» клубының тұрақты мүшелері де қатысты. Клуб жас жеткіншектер арасында сәндік-қолданбалы өнер, қолөнер бойынша кітаптарды көпшілікке тарату идеясын қолдап, «Қуыршақтар әлемінде» атты шеберлік сабағын өткізді. Шеберлі сабақ барысында қатысушылар Юлия Моргуновскаяның «Лоскуток и соломинка» кітабымен таныстырып, сондай-ақ өз қолдарымен «Тұмар қуыршақтарын» жасап, жас оқырмандарға ұсынды.

Сондай-ақ апталық аясында өнер туралы әдебиеттер бөлімі ұйымдастырған сазгер Л.Мельниковамен «Песни дружбы и мира» атты кездесу кеші өтті. Кездесу барысында «Тәуелсіз елім – тірегім» және «Моя планета земля» атты патриоттық әндер жинақтарының таныстырылымы өтіп, жинаққа енген авторлық әндер орындалды.

 

Құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру бөлімі ұйымдастырған Қарағандылық суретші-иллюстраторлары А.Семеновамен және И. Денисовамен қызықты кездесу өтті. Кездесуге шақырылған суретшілер өз жұмыстармен таныстыра отырып, кітапты суреттеу (түрлі иллюстрациялар) көмегімен әдеби мәтінді бейнелі түрде ашу міндеттерін қалай шешетінін көрсетіп, балаларға арналған кітаптарды суреттеу жұмысының қыр-сырын ашты.

Балалар мен жастар кітабының апталығы аясында өткен іс-шаралар оқу мен кітаптың рөлі жайлы, кездесулер мен кітап таныстырылымдар кейіпкерлері өміріндегі кітаптардың әсері туралы сөздер қозғады. Апталық соңында өлкетану бөлімі ұйымдастырған жергілікті автор Ғабдыманап Жазыбаевтың «Тағдыр» атты кітабының тұсаукесері де ерекше өтті. Оқырмандар кітап авторымен қоса кітаптың басты кейіпкері - «Жан жылуы», «Жас ғалымдар» сыйлықтарының иегері, т.ғ.д.,  халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жүзуден қола жүлдегері Таңсауле Серіковпен кездесті. Кітапта баяндалған оның тағдыры жастарға, жалпы оқырманға үлкен мотивация беріп, тағдырдың сынақтарына мойымауға күш-жігер берді.

Жалпы балалар мен жастар кітабының апталығына Қарағанды индустриялық институт, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономика, бизнес және құқық колледж, Қарағанды гуманитарлық колледж студенттері, С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицей, №63 ЖБМ және №17 ЖБМ оқушылары қатысты. Апталықты өткізуге көмектескен кітапхананың барлық достарына, жергілікті жазушыларға, кітапхана оқырмандарына, жоғары оқу орындарының және колледж студенттеріне, мектеп оқушыларына, жалпы қала тұрғындарына алғысымызды білдіреміз.

Апта барысында кітапханаға 300-ге жуық оқушы мен студент келді, кітапханаға 75 оқырман жазылды.

Кітап апталығы оқырмандарға жаңа білім, сонымен қатар жақсы көңіл күй сыйлады. Тағылымы мол, әсерлі апталық болды. Апталықты қорытындылай келе, ұйымдастырушылар белгілі бір дәрежеде кітап пен оқуды танымал ету, барлық қатысушыларды барлық жанрлар мен бағыттардағы әдебиеттерді оқуға тарту міндеттерін шешті деп үміттенеді.

Кітапханамызда осындай рухани құндылықтарымызды насихаттайтын, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын оятатын көпшілік іс-шаралар мен кітап оқитын оқырмандарымыз көп болғай!

 

Басшы орынбасары: Умбединова Г.Н.

Ай кітабы