Облаткомның ғимараты (бүгінде АО "АрселорМиттал Теміртау" орналасқан) (1938, Бұқар-Жырау даңғылы, 16) – жергілікті мағынадағы архитектуралық ескерткіштердің бірі

Облаткомның ғимараты  сәулетші А. М. Гениннің жобасы бойынша салынған, Қарағанды қаласының бірінші әкімшілік ғимараты болған. Алғашқыда Қазақстан Коммунистік партиясының обкомы және облатком орналасқан.  Бұл ғимарат 50 жылдардың аяғына дейін Қарағанды қаласының негізгі әкімшілік орталығы болды. 3 қабатты облатком ғимараты монументті пішінде симметриялық қасбетте шешім тапқан. Қасбеттің орталық бөлігінде алты бағаналы дің маңдайша текшелі бағаналарымен орналасқан. Қасбеттің оң және сол бөлігі төрт тік үшбұрышты жартылай бағаналарымен аяқталған. Қасбеттің шет жағы да ұқсасты шешім тапқан. Ғимарат кірпіштен қаланған, сыланған.

Дереккөз: