Кітапханалық тәжірибе: жаңа, қызықты және пайдалы : әдістемелік ұсыныс / Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы // құраст.: Ұ.Жамауова. – 2022. –  8 б.

Қазіргі таңда кітапхана жұмыстарында көптеген жаңа форматтағы шаралар өткізілуде, бірақ олардың барлығы дерлік пайдалы немесе оқырман қызығушылығын арттыратындай қызықты бола бермейді. Дегенмен, әр кітапхана өз жұмыстарының қоғам арасында өзектілігін жоймай барынша сұраныста болуын қалайтындықтан, заман талабына сай түрлі шаралар өткізіліп келеді.

Ұсынылып отырған әдістемелік ұсыныста жұмыс тәжірибесінде пайдалы болады деген мақсатта жазылған мақалалар легі баяндалды.