Ұсынамыз:

 Зерделеу:

  • I. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 ж. 10-маусымдағы №6-106 Қазақстан Республикасының заңы (2009ж.10.07. берілген өзгерістері және толықтыруларымен);
  • 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы(2008ж.24.12. берілген өзгерістерімен) және заңды құжаттар аясында құжаттарды цифрлауды жүзеге асыру;

II. Жергілікті жерде құжаттарды цифрлау бойынша бағдарламаларды қарап шығу, мақсаттарды, тапсырмаларды, құжаттарды цифрлау бағыттарын анықтау, толықмәтінді құжаттарды құрастыру;

III. Құжаттарды цифрлау.

Сканерлеуге дайындық.

Кітапхана қорынан цифрлық топтама тақырыбының талаптары мен  цифрлық көшірмелерді жасау үшін қолданудың барлық заңдық жақтарына (авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңдар) жауап беретін әдебиеттерді (ақпараттық дереккөздерді) іріктеу.

Екінші кезең негізгі болып табылады. Бұл жерде құжаттарыңыз цифрлық түрге көшіріледі. Графикалық немесе анықтап танылған құжат бейнесінен тұратын дайын файлды алу - сканерлеудің технологиялық процесіне дайындық болып табылады.

Құжаттарды цифрлағанда Adobe Photoshope» және «FineReader» 7, 8, 9 лицензиялық программаларды пайдаланған дұрыс, егер олар болмаса ЕБҚ (еркін программаларды) пайдалануды ұсынамыз.

Пайдаланатын файлдар форматы:

  1. қазіргі заманғы басылымдар үшін де, сканерленген ескі құжаттар үшін де - PDF
  2. бейне топтамаларын (плакаттар, ашық хаттар, суреттер және т.б.) құру үшін - TIFF, GIF, JPEG
  3. PDF форматтағы құжаттықарау үшін Adobe Reader ресми тегін программасын пайдаланыңыз

Adobe Acrobat Reader 7pdf форматындағы құжаттарды басуға және оқуға арналған өте маңызды программа. Соңғы нұсқасы браузерге қосымша модуль (плагин) сияқты жұмыс жасайды.

Adobe Acrobat Reader 7 құжатпен формалар арқылы жұмыс істейді. Бір файл көптеген құжаттарды алмастырады. Мәтіндік, графикалық, дыбыстық және бейне файлдар біріктіріледі.

Adobe Acrobat Reader 7 толық нұсқасында түрлі мультимедия-мазмұнды файлды бейнелеуге, ыңғайлы электронды кітаптарды оқуға және ұйымдастыруға, PDF-файлдарды іздеуге, Adobe Photoshop Album слайд-шоуды бейнелеуге және т.б. арналған технологиялар бар.

  1. Барлық сканерленген деректерде шығу мәліметтерін көрсету керек.

 IV. Электронды құжатты құру технологиясы және құжатты толықмәтінді деректер базасына (ТДБ) байлау:

Толықмәтінді деректер базасын құру үшін ең алдымен міндетті түрде өздеріңіз пайдаланушыға ұсынғыларыңыз келетін мәліметтердің ақпараттылығы мен құндылығын анықтап алғандарыңыз жөн. Мәтін электронды түрде ұсынылуы керек (ол Интернетте электронды құжат түрінде болуы мүмкін: мақаланың, баяндаманың және т.б. электронды нұсқасы). Олар кітапхананың электронды басылымдары да болуы мүмкін.

Толықмәтінді ДБ құрастырғанда төмендегілерді енгізу маңызды:

  • орталық және жергілікті мерзімді басылымдар мақалалары;
  • бірегей өлкетанулық кітаптар;
  • өлкетанулық библиографиялық көрсеткіштер, олар өлкетанулық ақпараттың негізгі дереккөзі болып табылады;
  • Интернеттің толықмәтінді материалдары;
  • кітапхананың электронды басылымдары (CD-ROM және т.б.);

ҚР ҰК РАБИС программасы толықмәтінді қормен толықтырылуы мүмкін библиографиялық деректер базасын құруға мүмкіндік береді.

Егер сіздерде керекті мақаланың электронды нұсқасы болмаса, ABBYY FineReader 8.0. бағдарламасын пайдалана аласыздар және сканерлеу әдісі арқылы құжаттың электронды нұсқасын аласыздар.

Құжатты сканерлеу үшін міндетті түрде келесі операцияларды жүзеге асыру керек:

  • ABBYY FineReader 8.0. программасын ашу.
  • Программаны ашқан соң, тіл белгіленеді (құжаттың басылған тілі).

1. Сканерлеу. «Использовать интерфейс ABBYY FineReader» опциясына нүкте және «Запрашивать опции перед началом сканирования» опциясына қанат белгісін қойып, «сканирование» батырмасын  басамыз. Осыдан соң «Настройки сканера» терезесі ашылады (шешу параметрі (разрешеие): мәтінге 300-600 пиксел, бұдан жоғары алмаймыз; шығару форматы: 256 сұр немесе ақ-қара). Суреттерді сканерлеу режимі: «Серое изображение» газет мақалалары үшін; «Цветное изображение» журнал мақалалары үшін; кітаптар үшін, кітаптың сапасына қарай «Черно-белое изображение» немесе «Серое изображение» алуға болады. Осыдан соң «ОК» батырмасын басамыз.

2. Айырып тану (распознать). Сурет пайда болған соң айырып танылатын жерді белгілеп алу керек. Ол үшін Изображение панеліндегі аспаптарды қолданыңыздар: мәтіндік бөлімдер мен сурет-бөлімді белгілейміз. Мәтіндік бөлімді белгілеген кезде бөлімдер шегінің мәтіндер шегімен түйісуін қадағалаңыздар. Бөлімдерді белгілеу мен редакциялауды қолмен орындау туралы жете білгіңіз келсе ABBYY FineReader программасында «Обучения на примерах» бөлімінде  анағұрлым толық берілген.

3. Мәтінді тексеру. Егер тіл ішінде болса, автоматты түрде тексеруге болады. Мысалы: орыс тілінде. Күрделі және нашар айырып танылған құжат пен қазақ тіліндегі мәтінді қолмен тексерген дұрыс.

4. Сақтау. «Сохранить страницы» терезесі ашылады. Файлдың атын тереміз және файл түрін, яғни құжат форматын таңдаймыз. Сканерленген құжаттарды РDF форматында сақтаймыз. Осыдан соң құжатты тиісті папкаға саламыз.

Құжатты орналастыру жолы:

  1. Сетевое окружение
  2. Fileserv2
  3. Папка «A_RabisKar9 на "Fileserv2"»
  4. Папка

 «Краевед» папкасына электронды құжатты саламыз. Сақталған құжат электронды ресурс ретінде сипатталып, Библиографиялық жазбаға құжаттың толықмәтінді байлауы жүзеге асырылатын «РАБИС Каталогизаторға» енгізіледі.

Егер «Краевед» папкасында орналасқан электронды құжаттың библиографиялық жазбасы бар болса, міндетті түрде:

«Краевед» электронды каталогында берілген библиографиялық жазбаны ашу керек.

«Добавить из рабочего листа F3» опциясына басып, «Текст» жолын таңдаймыз.

«Тескт» жолы сипатталатын құжаттың толық мәтінін библиографиялық жазбаға байлауға арналған. Толықмәтінді байлау: курсорды «Текст» жолына қоямыз - F8 пернесі - «A_RabisKar9…» папкасы – «Краевед» папкасы - «All Files»  файлдар түрі – керекті файлды белгілейміз – Выбор (таңдаймыз).

Ф.Х.Тимершина,
Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК кітапханаларды
дамыту бөлімінің меңгерушісі

(аударған: Р.О.Бұланбекова,
Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінің
инновациялық-әдістемелік жұмыстар бойынша аға кеңесшісі)