•  «Publisher» бағдарламасында СД-rom құру әдістемесі.
  • Сд-rom құрар алдында құрылатын Сд-rom атын-тақырыбын анықтап, керекті логотиптер мен эмблемаларды, обьектілерді нақтылап алу керек.
  • Сд-rom құру барысында пайдаланылатын материалдар арнайы ашылған «imige» папкасында сақталады. «Imige» папкасы қажетті құжаттардан тұрады: мәтіндік материал («Word») мен суреттер («jpeg» форматында) сақталуы тиіс.
  • Әр орындалған операцияны ұдайы сақтап (Сохранить) отыруды естен шығармаңыздар!
  •  
  • Бағдарлама ашу
  • Алдымен «Publisher» бағдарламасын ашу керек:
  • Жұмыс үстелінде (Рабочий стол) орналасқан «Publisher» бағдарламасын ашамыз;
  • Пуск / Программы / Publisher.

Бағдарлама ашылғанда, экранда «Начало работы» (чтобы приступить к работе, выберите вариант из списка) деген жазу шығады. Экранның сол жағындағы Новая публикация панелінен Веб узлы и электронная почта жолынан ұнаған макетті таңдап аламыз.

Ол төменде келтірілген:

  • Макет таңдау
  • «Параметры: веб-узел» терезесіндегі «Макеты публикации» жолындағы Применить макет ішінен керекті макет нұсқасын таңдаймыз. Мыс., «Велогонщик» макетін таңдалық дедік. «Идет работа...» терезесі шығады.
  • Экранның оң жағында пайда болған «Построитель простых веб-узлов» панелінен өздеріңіз қалайтын веб-узелды таңдап, маустың оң жақ батырмасын басамыз. «Удобный построитель веб-узлов» терезесінен керекті беттерді қанат белгісімен (галочка) белгілеп, «Ок» басамыз.
  • Құжатты сақтау
  • Енді осы құжатты сақтау үшін Файл / Сохранить как.../ имя файла: «index» деп жазып, Сохранить басамыз. Енді «index» атауымен сақталған «Microsoft Publisher» белгісіндегі құжатты көреміз.
  • Бет параметрлерін беру (задать параметры страниц)
  • Ашылған құжатқа бет параметрлерін беру керек, ол үшін, Меню (мәзір) жолындағы (строка меню) Файл ішіндегі Параметры страницы...таңдаймыз. Параметры страницы терезесі ашылады. Дәстүрлі түрде Тип публикации: Веб-страница және Размер страницы: Обычный (800х600 точек) беріледі, оларды өзгертпейміз. Ширина: 760пкс орнына, оны өшіріп, 1000пкс деп жазамыз.
  • Осылай жазылатын беттің мүмкіндігін кеңейтеміз.
  • «Панель навигации» панелін орналастыру
  • Егер экранда көрінбесе, Формат / «Параметры: Веб-узел:» ішіндегі Панель навигации терезесінен Вертикальная и горизонтальная / Горизонтальная и вертикальная / Только вертикальная / Только горизонтальная / Только внизу / Нет арасынан керекті мыс., «Только вертикальная» панелін таңдаймыз.
  • Панельдер таңдау бойынша вертикальды жолда орналасады.
  • «Панель навигации» панелінде беттерге атау беріп, орналастыру
  • Экранның сол жағындағы таңдалған макетте керекті беттер орналасады. Бұл беттерді өзіміз беретін атауларға өзгерту керек.
  • Осы Панель навигации панелінде маустың сол жақ батырмасын басып, активтендіреміз, яғни Панель навигации айналасында кішкентай ақ шеңберлері бар үзік сызықтармен (контурные линии) қоршалады. Панель навигации панелінде келесі бет атаулары беріледі: Домашняя страница / О нас / Наши координаты / Список услуг / Календарь...деп кете береді. Алдымен беттерге атау-ат беру керек. Дәстүрлі түрде алғашқы «Домашняя страница» деген жазуды өшіріп, оның орнына «Басты бет» (главная) деген атау-ат береміз (орындалатын барлық функциялардың ең алдымен осы бетте орындалып, басты бет толық аяқталған соң ғана, келесі беттерге көшу керек екені естеріңізде болсын!). 2-бетке де осылайша, «О нас» орнына мыс., «Кітапхана тарихы» өз атауымызды береміз. 3-беттегі «Наши координаты» орнына мыс., «Бөлімдер» деп өз атауымызды береміз. Келесі 4- бетке де «Список услуг» орнына мыс., өз атауымыз «ОКЖ» береміз.
  • «Панель навигации» панелінде өзіміз белгілеген атау-аттар көрінеді. Монитордың төменгі жағында ақ парақ түріндегі реттік нөмірлермен жазылған бет атаулары (1,2,3,4,5) да жоғарыда берілген, өзіміз берген бет атауларымен міндетті түрде сәйкес, бірдей болуы (должны совпадать) керек!
  • Алдымен «1» ұяшығына (ячейка) маус нұсқағышының меңзерін (жебе-стрелка) әкеліп, маустың оң жақ батырмасын басып, Контекстік меню ішінен Переименовать таңдап, «Параметры веб-страницы» панеліндегі Заголовок страницы: «Домашняя страница» орнына «Басты бет» деп жазып, «Ок» басамыз.
  • Келесі «2» ұяшыққа (ячейка) маус наұқағышының меңзерін (жебе-стрелканы) беттетіп, Переименовать таңдап, Заголовок страницы: «О нас» орнына «Кітапхана тарихы» атауын жазамыз. «3» ұяшыққа (ячейка) маус маус наұқағышының меңзерін (жебе-стрелканы) әкеліп, Переименовать таңдап, өз «Бөлімдер» атауымызды береміз. «4» ұяшыққа (ячейка) маус наұқағышының меңзерін (жебе-стрелканы) әкеліп, Переименовать таңдап, өз «ОКЖ» атауымызды береміз. «5» ұяшыққа (ячейка) маус наұқағышының меңзерін (жебе-стрелканы) әкеліп, Переименовать таңдап, өз «Біліктілік арттыру» атауымызды береміз.
  • Экранның астыңғы жағында берілген бет атауларына маус наұқағышының меңзерін (жебе-стрелканы) реттік номермен жазылған әр ұяшыққа түйістіргенде шығатын бет атаулары Панель навигации панелінде берілген бет атауларымен міндетті түрде бірдей болуы керек!
  • Беттерді ашып-көру
  • Беттерді ашып-көрудің екі нұсқасы бар:
  • Панель навигации панелінде бет атаулары жазылған панелде ашылады;
  • төменде реттік номерлермен белгіленген ұяшықтар (ячейка) түріндегі бет парақтары арқылы ашылады;
  • Бет қосу (добавить страницу)
  • «Параметры веб-узел...» терезесінен «Добавить на веб-узел» командасынан «Добавить страницу...» командасын таңдаймыз. «Добавление веб-страницы...» терезесінен «Выберите тип страницы» ішінен керекті бетті таңдап, «Ок» басамыз;
  • Меню жолынан (строка меню) Вставка функциясын таңдап, «Дублировать страницу» командасын береміз;
  • Бет атауын өзгерту (переименовать страницу)
  • Параметры: Веб-узел: / Содержимое страницы / Параметры страницы: Переименовать страницу / Заголовок страницы жолындағы бет атауларын өзгертеміз
  • Меню жолынан Формат / Содержимое страницы / Параметры страницы: Переименовать страницу / Заголовок страницы жолындағы бет атауларын өзгертеміз
  • Материал енгізу
  • Осымен бет атауларын бердік. Енді әр бетке керекті материалды енгізуге кірісеміз.
  • Алдымен «Басты беттен» бастаймыз. Таңдалған макеттің үстіңгі жағында контурлы сызықпен қоршалған сурет (рисунок) және «текстовое поле названия организации» ішінде «Library» деген атау, оның астындағы «текстовое поле девиза» ішінде «Девиз организации» жазылған.Сондай-ақсол жақ шетінде «Картинка эмблемы» мен «Текст эмблемы» орналасқан.
  • Үзік сызықтың (контурная линия) ішіндегі суретке, мәтінге өзімізге керекті сурет қойылып, өз мәтініміз жазылады.
  • Контурлы сызықпен қоршалған суретті активтендіріп, ол суреттің орнына өзіміздің суретімізді қоюымыз керк. Ол үшін «imige» папкасын ашып, ішіндегі «jpeg» форматында сақталған суретті көшіріп (Копировать), мыс.: «Library» суретін көшіріп (копировать), экранның астындағы «Microsoft Publisher» белгісіндегі өзіміздің атау берген веб-публикациямызды ашып, жоғарыдағы үзік (контурлы) сызықпен қоршалған суретті маустың сол жақ батырмасымен активтендіріп, оның орнына қажетті кітапхана суретін қоямыз (Вставить). Кітапхана суреті орналасты.
  • Енді «Текстовое поле названия организации» активтендіру үшін, маустың сол жақ батырмасын басамыз. «Library» жазуы активтеніп, үзік (контурлы) сызықпен қоршалған өріс (поле) пайда болады. Енді бұл өрісте (поледе) жұмыс істеуге болады деген сөз. «Library» орнына өз атауымызды, «Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК» жазамыз. Астындағы «текстовое поле девиза» ішінде «Девиз организаций» орнына «Кітапхана – қасиетті шаңырақ» деп жазамыз.
  • Жоғары жақта «картинка эмблемы» эмблема суреті орналасқан. Оның орнына өз суретімізді жоғарыда айтылғандай «imige» папкасын ашып, ішіндегі «jpeg» форматында сақталған суретті мыс., «book» көшіріп (Копировать), өз эмблемамыздың суретін қоямыз. Суреттің астындағы «текст эмблемы» орнына «кітап – білім бұлағы» деп жазамыз.
  • «Домашняя страница» өрісіндегі (полесіндегі) атау орнынақұралатын СД-ROM тақырыбын (атын), мыс.: «Парасат сарайы» жазамыз. Астыңғы полеге мәтіндік материалды жазамыз. Егер терілген дайын мәтіндік материал болса, «imige» папкасынан дайын мәтінді алып, көшіріп, қоямыз.
  • Осындай әдіспен келтірілген суреттердің, «пояснительная подпись под рисунком» орнына өз суретімізді қойып, өз мәтінімізді жазамыз.
  • Дәл осылай «Наши координаты» полесіне мекен-жай, байланыс телефондары жазылады.
  • Бұл берілгендер жай мысал, құрастыру жолы ғана. Әр полеге өз мәліметтеріңізді (данный) енгізетіндеріңізді естен шығармаңыздар!
  • «Басты бет» қажетті деректермен толтырылған соң, әр полені, әр қаріпті (шрифт) таңдап, әрқайсысына түр-түс (цвет) беріп, толық әсемдеу керек. Яғни, безендіру жұмыстары жүргізіледі.
  • Безендіру, макет параметрлерін өзгерту
  • Безендіру «Басты бет»-тен басталады. Алдымен, «Панель навигаций» панелін безендіруден бастайық. Бұл панелді маустың сол жақ батырмасын басып, активтендіреміз. Панелдің жолақ (контур) сызықпен қоршалған жиегінде ақ дөңгелектер пайда болады. Панель активтенді. Активті панелдің астында панель параметрлерін өзгертуге арналған диогональді қалам суреті бар кішкентай төртбұрыш белгісі пайда болады. Оған көрініп тұрған «алақан суретін» түйістіргенде «щелкните, чтобы изменить параметры этой панели навигации» жазуы шығады. Бұл белгіні маустың сол жақ батырмасымен басып, активтендіреміз. Сол жақтағы «Панель навигации» терезесінде «Применить макет» макет параметрлерінен «Применить макет. Карниз» ішінен (Базис / градиент / заглушка / капсула / карниз / картотека...арасынан) қажетті ұнаған макет параметрін таңдаймыз.
  • Құрастырылып жатқан «Басты бет» пен барлық беттердегі Панель навигации панелінің макет параметрлері осылайша өзгереді. Керекті макет параметрін таңдаған соң, қаріптерді (шрифт) өзгертіп, керекті размерді береміз.
  • Енді таңдалған шрифтке ұнаған түсімізді (цвет) беруге болады.
  • Шрифтке түс беру (цвет шрифта)
  • Шрифтке түс беру үшін Пішімдеу панеліндегі (Панель форматирования) «Цвет шрифта» функциясын пайдаланамыз. Керекті мәтінді қарайтып (выделять), «Цвет шрифта» функциясын маустың сол жақ батырмасымен басамыз.
  • Берілген түстер ұнамаса, «Дополнительные цвета...» басамыз. «Цвета» терезесінде «Обычные» және «Спектр» диалогтық терезесі көрінеді. «Обычные» таңдаймыз. «Цвета:» терезесінің астында алтыбұрыш (шестиугольник) ішінде көптеген түстер (цвет) беріледі. Осы түстерден ұнағанын таңдап, «Ок» басамыз.
  • «Панель навигации» түр беру, түс өзгерту
  • Панелді активтендіріп, маустың оң жақ батырмасын басып, Контекстік менюді шақырамыз. Менюден «Формат надписи...» таңдап, маустың сол жақ батырмасын басамыз. «Формат надписи» терезесі пайда болады. «Цвета и линии» диалогтық терезесі активті. «Цвет: Нет заливки» деп берілген, түс беру үшін, түс өзгерту үшін, шетіндегі төменге бағытталған кішкентай қара үшбұрышты белгіні басып, түр-түс таңдаймыз. Берілген түстер ұнамаса, «Другие цвета...» таңдалады. Ішіндегі «Цвета»терезесінде берілген «Обычные» ішінен қажет түсті таңдап, «Ок» белгілеп, екінші рет «Формат надписи» терезесіндегі «Ок» тағы да басамыз.
  • Осылайша Панель навигации түсі өзгереді. Осы тәсілмен керекті түс беріледі.
  • Панелді активтендіріп, Меню жолынан Формат / Надпись / Формат надписи терезесінен Нет заливки / Другие цвета / Цвета Обычные / Ок / Ок басамыз.
  • Фон түсін өзгерту
  • «Параметры: веб-узел» терезесінен «Содержимое страницы» таңдап, маустың сол жақ батырмасын басамыз. Астындағы «Параметры страницы» бөлігінде «Фоновая заливка и звук» жолын таңдаймыз. «Фон» терезесінен «Применить фон» ішішнен керекті фонды таңдаймыз. Ол түстер ұнамаса, «Дополнительные цвета...» жолынан «Цвета» терезесінен «Обычные» берілген түстерден керектісін таңдаймыз. Егер бұл түс ұнамаса, төмендегі «Дополнительные типы фона...» жолындағы «Способы заливки» терезесіндегі «Градиентная», «Текстура», «Узор», «Рисунок», «Оттенок» диалогтық терезесінен керектісін, мыс.: «Градиентная» арасынан ұнағанын таңдаймыз. «Текстура» терезесінде түрлі текстуралар беріледі. Таңдалған түс «Образец» ішінде үлгі түрінде көрсетіледі. Таңдап, ұнаса «Ок» басамыз.
  • Меню жолынан (Строка меню) Формат / Фон / Применить фон / Дополнительные цвета / Дополнительные типы фона: «Способы заливки» терезесіндегі «Градиентная», «Текстура», «Узор», «Рисунок», «Оттенок» диалогтық терезесінен керекті «заливка» тәсілін таңдап, «Ок» командасын береміз / См. также: Цветовые схемы / Применить цветовую схему қолданамыз, керектісін таңдап, өң береміз.
  • Цветовая схема немесе Панель навигации түсін өзгерту
  • Түстік схеманы қолданғанда, Панель навигации панеліне түс беріледі.
  • Фонға түстік схема (цветовая схема) беру
  • Параметры: Веб-узел... / «Цветовые схемы» жолынан «Применить цветовую схему» арасынан Пользовательская, Альпийская, Баклажанная, Бордовая...деп кете беретін түстер тізбегінен, мыс. Бордовая таңдаймыз. Фон қызыл күңгірттүске (бордо) боялады.
  • «Параметры: веб-узел» терезесінен «Шрифтовые схемы» командасын таңдаймыз. «Применить шрифтовую схему» ішінен керекті шрифтік схема алынады.
  • Кесте енгізу (добавить таблицу)
  • Экранның сол жақ шетінде бағана бойымен орналасқан обьект нұсқаларының ішінен «Добавить таблицу» обьектісін таңдап, маустың сол жақ батырмасын басамыз. Оң жақта айқасқан «крест» түріндегі белгіні маустың сол батырмасын басып тұрып-жібермей, «поле» сызамыз. Төртбұрыш түріндегі «поле» пайда болады. Маусты босатқанда экранда «Создание таблицы» терезесі көрінеді. Осының ішінен Число строк / Число столбцов жолдарына керекті бағаналар мен жолдар санын енгізіп, «Ок» басамыз.
  • Осылай дайын кесте пайда болады.
  • Гиперссылка жасау
  • Сд-rom-ға толық мәтінді енгізу мүмкін емес, сондықтан да мәтін бөліктері арқылы қысқаша түсініктер беруге болады. Материалды толық, ашып көрсету керек болса, «гиперссылка», яғни сілтеме жасалады.
  • Сілтеме жасалатын материал, мәтініміз (бар материал сияқты) басында ашылған «imige» папкасында «Word» құжатында сақталып-жатуы тиіс.
  • Алдымен сілтеме жасалатын мәтін бөлігін (сөзді) қарайтамыз (выделяем) да, маустың оң жақ батырмасын басып, Контекстік менюді шақырамыз. Контекстік меню ішінен «Гиперссылка» таңдап, маустың сол жақ батырмасын басамыз. «Добавление гиперссылки...» терезесі ашылады. Ішінен керекті «imige» папкасындағы «Word» құжатында сақталған құжатты белгілеп, маустың сол жақ батырмасын басып, «Ок» командасын береміз. «Открытие ОУНБ (құжат аты)Дос» терезесі ашылады. «Вы собираетесь открыть файл» астында «Word» құжат аты көрсетіледі. «Открыть с помощью» қара нүктемен (жирная точка) белгіленген. Осыны нақтылап (подтверждаем), «Ок» командасын береміз.
  • Экранда сілтеме арқылы «Word» құжаты ашылады.
  • Сілтеме берілетін мәтін бөлігі түсін өзгертіп (меняеет цвет) асты сызықпен (подчеркнутый) сызылатынын байқаймыз. Бұл осы мәтін бөлі арқылы сілтеме (гиперссылка) жасалды деген сөз.
  • Жасалған сілтемені іс жүзінде көру үшін төмендегі: «Просмотр Веб-узла» орындаймыз:
  • Просмотр веб-узла
  • «Параметры: веб-узел» терезесінен көкпен жазылған «Содержимое страницы» жолын таңдаймыз. Төмендегі Просмотр жолынан «Просмотр веб-узла...» таңдаймыз. Экранда «Идет работа...» терезесінде «Подготовка веб-страницы к просмотру...» терезесі шығады.
  • Құрастырылап жатқан материал экран бетінде осы әдіспен толық көрінеді.
  • Обьект (поле) енгізу немесе қосымша жазу (надпись) енгізілетін поле
  • Материал енгізетін қосымша «поле» керек болған жағдайда, материал енетін «полені» экранның сол жағында бағана бойымен орналасқан обьектілер ішіндегі «прямоугольник» немесе «овал» обьектісі таңдалады. Керекті обьектіні таңдап, маустың сол жақ батырмасын басамыз. «Крест» түрінде айқасқан белгі пайда болады. Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, бостпаған күйде, керекті обьектіні сызып, маусты босатамыз. Төртбұрыш (прямоугольник) не дөңгелек-сопақ (овал) түріндегі (таңдау бойынша) обьект пайда болады.
  • Осылай ішіне керекті материалды енгіземіз.
  • WordArt обьектісін енгізу
  • Обьект нұсқалары экранның сол жақ шетінде бағана бойымен орналасқан. Ішінен «Добавить обьект WordArt» командасын таңдап, маустың сол жақ батырмасымен басамыз. «Коллекция WordArt» терезесінен «Выберите нужный стиль надписи: WordArt» бірнеше стильдердің нұсқасы беріледі. Керекті стильді таңдап, маустың сол жақ батырмасын басып, «Ок» командасын береміз. «Изменение текста WordArt» терезесінде үлкен әріппен терілген, көк фондағы «Текст надписи» жазуы тұрады. «Текст надписи» орнына керекті өз мәтінімізді енгіземіз, теріп жазып (немесе СД бетіндегі материалдың керекті бөлігін аламыз), мәтінді қарайтып (выделить), қажетті қаріпті (шрифт) таңдап, қаріп размерін беріп, «Ок» командасын басамыз.
  • Экранда мәтін ақ дөңгелекпен қоршалған поледағы «Обьект WordArt» обьектісін қалауымызша түр-түс (цвет) беріп, қарпін (шрифт), размерін өзгертіп, өңдейміз.
  • Құрастырылған СД-ROM мазмұны дайын болғанда, материалдар толық енгізілген соң, тексеріп, «болванкаға» жазуға болады.
  • СД-ROM қорабын (упаковка) безендіру
  • Файл /Закрыть/ сол жағында: «Новая публикация» терезесі және оң жағында «Начало работы - чтобы приступить к работе выберите вариант из списка» терезесі пайда болады. «Новая публикация «терезесіндегі Начать с макета: бірінші жолдағы «Публикации для печати» таңдап, маустың сол жақ батырмасын басамыз (экранның оң жағында «Быстрые публикации» жариялымдар макетінің нұсқалары беріледі). Оң жақтағы «Публикации для печати» астында берілгендерарасынан Наклейки таңдап, маустың сол жақ батырмасын басамыз. Енді Наклейки арасынан Компакт- и ДVД-диски таңдап, маустыңсол жақ батырмасын басамыз. Экранның оң жағында «Наклейки. Компакт- и ДVД-диски» макетнұсқалары беріледі.
  • Ұнаған макетті таңдап, маустың сол жақ батырмасын басамыз.
  • Макет таңдалған соң, әдеттегідей безендіруге кірісеміз.
  • Кітапхана логотипі, керекті эмблема сияқты элементтерді, обьектілерді...СД-ROMтақырыбын, атауын...енгіземіз.
  • Осымен СД-rom дайын.
  • Іске сәт, әріптестер!

Құрастырған: Р.О.Бұланбекова, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК инновациялық-әдістемелік жұмыстар жөніндегі аға кеңесші