«Облыс кітапханаларында өлкетану құжаттарын цифрлау стратегиясы»
облыстық семинар-машықтандыру
ұсыныстары
2010 ж. 23-сәуір
Қатысушылар – облыс ОКЖ библиографтары
Семинар мақсаты:
Орталық Қазақстанның құжаттар қорын, Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау бөлігі тәрізді сақтау және оларға бірмезгілде Интернет жүйесі арқылы қол жеткізуді ұсыну арқылы сирек өлкетану қорын сақтауды қамтамасыз ету.
Семинар тапсырмалары:
- Орталық Қазақстанның жәдігерлері болып табылатын, цифрлық топтама тақырыбының талаптары мен цифрлық көшірмелерді жасауға арналған қолданудың барлық заңдық жақтарына жауап беретін құжаттарды іріктеудің белгілерін анықтау (авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңдар)
- Қарағанды облысының құжаттар қоры туралы ЭДБ құрастыру
- айрықша құнды қолжазбаларды, баспа және дыбыс-бейне құжаттарды СD-ROM көшіру
- Қарағанды облысының кітапханаларының, мұрағаттарының және мұражайларының қауымдасуы және үйлестігі
- авторлық келісім-шарттың қорытындысы
Семинарға 18 адам қатысты. «Кітапханаларда электронды топтамаларды құрудың заңдық сұрақтары», «Облыс кітапханаларында өлкетану құжаттарын цифрлау бойынша қызметке шолу» негізгі тақырыптары қарастырылды. Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК толықмәтінді өлкетанулық ДБ құрастыру (жұмыс тәжірибесі). Тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды:
- FineReader 7, 8, 9 бағдарламасында құжаттарды цифрлау
- библиографиялық жазбаларға құжаттардыбайлау
- құжаттарды түрлі форматтарда сақтау
- электронды құжаттарды тақырыптық папкаларға қалыптастыру
- Adobe Acrobat Reader 7 бағдарламасымен жұмыс жасау
Есептердің талдауы негізінде Қарағанды облысының кітапханаларының құжаттарын цифрлау бойынша қызметке шолу жасалды. Құжаттарды цифрлау бойынша жұмыстың жағымды және жағымсыз жақтарын ескере келе
Ұсынамыз:
I. Зерттеу:
- «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996ж. 10-маусымдағы №6-1 Қазақстан Республикасының заңы (10.07.2009ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен);
- 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (24.12.2008ж. берілген өзгерістермен) және заңды құжаттар аясында құжаттарды цифрлауды жүзеге асыру;
II. Жергілікті жерде құжаттарды цифрлау бойынша бағдарламаларды қарап шығу, мақсаттарды, тапсырмаларды, құжаттарды цифрлау бағыттарын анықтау, толықмәтінді құжаттарды құрастыру;
III. Құжаттарды цифрлау.
Сканерлеуге дайындық.
Кітапхана қорынан цифрлық топтама тақырыбының талаптары мен цифрлық көшірмелерді жасау үшін қолданудың барлық заңдық жақтарына (авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңдар) жауап беретін әдебиеттерді (ақпараттық дереккөздерді) іріктеу.
Екінші кезең негізгі болып табылады. Бұл жерде сіздердің құжаттарыңыз цифрлық түрге көшіріледі. Графикалық немесе анықтап танылған құжат бейнесінен тұратын дайын файлды алу - сканерлеудің технологиялық процесіне дайындық болып табылады.
Құжаттарды цифрлағанда Adobe Photoshope» және «Fine Reader» 7, 8, 9 лицензиялық бағдарламаларды, егер олар болмаса ЕБҚ (еркін бағдарламалық қамтамасыз ету) пайдалануды ұсынамыз.
Файлдар форматын пайдаланыңыздар:
- қазіргі заманғы басылымдар үшін де, сканерленген ескі құжаттар үшін де - PDF
- 2. бейне топтамаларын (плакаттар, ашық хаттар, суреттер және т.б.) құру үшін - TIFF, GIF, JPEG
- құжатты PDF қарау үшін Adobe Reader ресми тегін бағдарламасын пайдаланыңыз
Adobe Acrobat Reader 7 – pdf форматында құжаттарды басуға және оқуға арналған өте қуатты бағдарлама. Соңғы нұсқасы браузерге қосымша модуль (плагин) сияқты жұмыс жасайды.
Adobe Acrobat Reader 7 құжатпен формалар арқылы жұмыс істейді. Бір файл көптеген құжаттарды алмастырады. Мәтіндік, графикалық, дыбыстық және бейне файлдар біріктіріледі.
Adobe Acrobat Reader 7 толық нұсқасында түрлі мультимедия-мазмұнды, ыңғайлы электронды кітаптарды ұйымдастыру мен оқуды жаңғыртуға арналған технологиялар болады, PDF-файлдарды іздеу, Adobe Photoshop Album слайд-шоу бейнеленуі және т.б.
- Барлық сканерленген деректерде шығу мәліметтерін көрсету керек.
IV. Электронды құжатты құру технологиясы және құжатты толықмәтінді деректер базасына (ТДБ) байлау:
Толық мәтінді деректер базасын құру үшін ең алдымен міндетті түрде өздеріңіз пайдаланушыға ұсынғыларыңыз келетін мәліметтердің ақпараттылығы мен құндылығын анықтап алғандарыңыз жөн. Мәтін электронды түрде (оны енді Интернетте электронды құжат түрінде, шынайы қолдануға болады, мақаланың, баяндаманың және т.б. электронды нұсқасы) ұсынылуы керек. Бұл кітапхананың электронды басылымдары да болуы мүмкін.
Толықмәтінді ДБ құрастырғанда төмендегілерді енгізу маңызды:
- Орталық және жергілікті мерзімді басылымдар мақалалары;
- бірегей өлкетанулық кітаптар;
- өлкетанулық библиографиялық көрсеткіштер, олар өлкетанулық ақпараттың негізгі дереккөзі болып табылады;
- Интернеттің толықмәтінді материалдары;
- кітапхананың электронды басылымдары (CD-rom және т.б.);
ҚР ҰК РАБИС бағдарламасы толықмәтінді қормен толықтырылуы мүмкін библиографиялық деректер базасын құруға мүмкіндік береді.
Егер сіздерде керекті мақаланың электронды нұсқасы болмаса, ABBYY FineReader 8.0. бағдарламасын пайдалана аласыздар және сканерлеу әдісі арқылы құжаттың электронды нұсқасын аласыздар.
Құжатты сканерлеу үшін міндетті түрде келесі операцияларды жүзеге асыру керек:
- ABBYY FineReader 8.0. бағдарламасын ашу.
- Бағдарламаны ашқан соң, тіл (құжаттың басылған тілі) бекітіледі.
1. Сканерлеу. «Использовать интерфейс ABBYY FineReader» опциясына нүктені және «Запрашивать опции перед началом сканирования» қанат белгісін қоямыз. Содан соң «сканирование» басамыз. Осыдан соң «Настройки сканера» терезесі (разрешение: для текста 300-600 пикселей, бұдан жоғары алмаймыз; формат вывода: 256 сұр немесе ақ-қара болса) пайда болады. Суреттерді сканерлеу режимі: «Серое изображение» газет мақалалары үшін; «Цветное изображение» журнал мақалалары үшін; кітаптар үшін, кітаптың сапасына қарай «Черно-белое изображение» или «Серое изображение» алуға болады. Осыдан соң «ОК» басамыз.
2. Анықтап тану (распознать). Сурет пайда болған соң анықтап танылатын жерді белгілеп алу керек. Ол үшін Изображение панеліндегі аспаптарды қолданыңыздар: мәтіндік бөлімдер мен сурет-бөлімді белгілейміз. Мәтіндік бөлімді белгілеген кезде бөлімдер шегінің мәтіндер шегімен түйісуін қадағалаңыздар. Бөлімдерді жете белгілеу мен редакциялауды қолмен орындау ABBYY FineReader «Обучения на примерах» бағдарламасында анағұрлым толық берілген.
3. Мәтінді тексеру. Егер тіл ішінде болса, автоматты түрде тексеруге болады. Мысалы: орыс тілінде. Күрделі және нашар анықтап танылған құжат пен қазақ тіліндегі мәтінді қолмен тексерген дұрыс.
4. Сақтау. «Сохранить страницы»терезесі пайда болады. Файлдың атын басамыз және файл түрін, яғни құжаттың үлгісін таңдаймыз. Сканерленген құжаттарды РDF форматында сақтаймыз. Осыдан соң құжатты тиісті папкаға саламыз.
Құжатты орналастыру жолы:
- Желілік орта
- Fileserv2
- «A_RabisKar9» папкасын «Fileserv2» папкаға салу
- «Өлкетану» папкасы
«Өлкетану» папкасына электронды құжатты саламыз. Сақталған құжат электронды ресурс ретінде сипатталып, құжаттың деректер базасына толықмәтінді байлауы жүзеге асырылатын «РАБИС Каталогизаторға» енгізіледі.
Егер «Краевед» папкасында орналасқан электронды құжаттың библиографиялық сипаттамасы бар болса, міндетті түрде:
«Краевед» электронды каталогында берілген библиографиялық жазбаны ашу керек.
«Добавить из рабочего листа F3 и выбрать поле «Текст» опциясын басамыз.
«Тескт» полесі сипатталатын құжаттың толық мәтінін деректер базасына бекітуге арналған. Толықмәтінді байлау: меңзердіы «Текст» өрісіне орнатамыз - F8 пернесі - «A_RabisKar9…» папкасы – «Краевед» папкасы - «All Files» файл түрі – керекті файлды белгілеу – Выбор.
Ф.Х.Тимершина,
Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК кітапханаларды
дамыту бөлімінің меңгерушісі
(аударған: Р.О.Бұланбекова,
Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК кітапханаларды
дамыту бөлімінің инновациялық-әдістемелік жұмыстар бойынша аға кеңесшісі)