Қарағандылық танымал ақын Руслан Нұрбай Жаманханұлы 1974 жылы Қарағанды облысы (бұрынғы Жезқазған), Ақтоғай ауданы Ыстыбұлақ ауылында дүниеге келді. 1992 жылы Қарқаралы ауданының Қарағайлы кентінде орта мектепті бітіріп, 1998 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінің журналист мамандығын тәмәмдады.

2001 жылы жас ақын-жазушылардың республикалық кеңесіне қатысып, 2003 жылы Халықаралық «Шабыт» фестивалінде І-орынды иеленіп, лауреат атанды. Өлеңдері Қарағандыда жарық көрген бірнеше жинаққа, «Қалам құдіреті» әдеби альманағына, «Дүниеге келер әлі талай Қасым», «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ» топтамаларына енді.

Өлеңді 1987 жылдан жазады. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

Жазушылар Одағының тапсырысымен 2008 жылы "Жалын" баспасынан "Ыстыбұлақ" атты тұңғыш жыр жинағы жарыққа шықты. 2013 жылы "Ғаламның рахман нұры" атты ақындар мүшайрасында бас жүлде Умра қажылықты ұтып алды.

1997 жылы М.Әуезовтың 100 жылдығына орай өткізілген жазба ақындар мүшәйрасында бас бәйгені жеңіп алды. Республикалық және халықаралық жыр мүшәйраларның лауреаты. Бірнеше жыр жинақтарының авторы.

Өлеңдері мерзімді басылымдарда ұдайы жарық көруде.

Шығармалары:

  1. Нұрбай, Р. Жыр деген сол үш әріпке ғашық боп [Мәтін] : жыр дәптерінен / Нұрбай Р. // Орталық Қазақстан. - 2001. - 7 шілде.
  2. Нұрбай, Р. Тық-тық тірлік [Мәтін] : өлең / Р.Нұрбай // Қазақ әдебиеті. - 2003. - 28 қараша.- (Жас қалам, N9.-13 б.).
  3. Нұрбай, Р. "Алғаш көрдім өлгенін шын ақынның..."[Мәтін] : ақын Б.Мамырға / Нұрбай, Р. // Орталық Қазақстан. - 2004. - 16 қыркүйек. - 10  б.
  4. Нұрбай, Р. Көл - көңілдің қайығымын тербеткен [Мәтін] : жыр дәптерінен / Р.Нұрбай // Жас қанат. - 2004. - 29 мамыр. - 9  б.
  5. Нұрбай, Р. "Дұға орнына жыр оқимын жай ғана..." [Мәтін] : поэзия / Нұрбай, Р. // Азия Транзит. - 2005 . - N3 (наурыз). - 18  б.
  6. Нұрбай, Р. Ыстыбұлақ [Мәтін] / Р. Нұрбай. - Алматы : Жалын, 2009. - 76 б. - (Жас толқын).
  7. Нұрбай Руслан. Өлеңдері. Мәссаған! Поэзиясы.
  8. Нұрбай Руслан. Өлеңдер. Muza 1.

Мақалалары:

  1. Мәжитұлы, М. Қағидалы көп-қара жол [Мәтін] : обл. ІІББ-дағы ЖПБ-ның тіркеу және емтихан қабылдау б-нің басшысы М.Мәжітұлымен сұхбат / Сұхбаттасқан Р.Нұрбай // Сана. - 2000 . - 7 желтоқсан(N46). - 4  б.
  2. Нұрбай, Р. Қайдасыңдар құлындарым [Мәтін] / Нұрбай Р. // Сана. - 2000 . - 20 қараша(N9). - 4 б.
  3. Нұрбай, Р. Қаржы институтының қажыры [Мәтін] / Нұрбай Р. // Сана. - 2000 . - 23 қараша(N44). - 5 б.
  4. Нұрбай, Р. Медетшіл мамандық мерейі [Мәтін] : жақсының жүзі жарқын / Р.Нұрбай // Орталық Қазақстан. - 2003. - 9 қаңтар. - 6  б.
  5. Нұрбай, Р. Соңғы түйе [Мәтін] / Р. Нұрбай // Орталық Қазақстан. - 2009. - 8 қазан (№ 153). - 6 б.
  6. Нұрбай, Р. "Бір күлемін ғарыш жаққа кетерде..." [Мәтін] / Р. Нұрбай // Орталық Қазақстан. - 2010. - 1 сәуір (№ 48). - 5 б.
  7. Нұрбай, Р. Шахтер шырағы [Мәтін] : тағзым / Р. Нұрбай // Орталық Қазақстан. - 2011. - 1 қыркүйек (№ 142/143). - 5 б.
  8. Нұрбай, Р. "Бота" орталығы - бас қалада [Мәтін] / Р. Нұрбай // Орталық Қазақстан. - 2013. - 8 маусым (№ 93/94). - 8 б.

Ол туралы:

  1. Балқашта поэзия салтанат құрды [Мәтін] : өркен // Балқантау. - 2007 . - 26 сәуір (N17). - 10  б.
  2. Жұмағалиұлы, Қ.    Қарағандыда қазақ журналистикасының қауқары қандай? [Мәтін] : сауламаға жауап / Жұмағалиұлы Қ. // Балқантау. - 2007. - 21 маусым. - 4 б.
  3. Тұрсынғалиев, Р. Қарағанды ақындарынан кімді білеміз? [Мәтін] / Тұрсынғалиев, Р. // Теміртау. - 2005. - 28 шілде. - 8  б.