Өзіне тән философиялық ойлары бар, өзіндік жазу стиліне ие жас қаламгер, прозаик, журналист Лира Қоныс Бөкейханқызы 1981 жылы Ордабасы өңірінде дүниеге келген.

Қ.А.Йассауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік университетінің Шығыстану факультетін бітірген.

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің екі дүркін жеңімпазы.

Тәуелсіз «Үміт-Тарлан» сыйлығының иегері. Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" стипендиясының иегері. Республикалық «Дала мен Қала» газетінде қызмет атқарған.

«Сізге ғашық қыз», «Мәңгілік сағыныш», «Құлпынай қосылған балмұздақ» атты прозалық жинақтардың авторы.

Л.Қоныс шығармашылығы әдеби ортада көп пікір тудырып келеді, туындыларының философиялық астары бар Жазу стилі ерекше Лираның әңгімелерін жапон жазушыларының будда ағымымен жазу сарынын еске түсіреді деуге болады.. Кербез, махаббатқа адал, қиялдары жүйрік, сезімдері сұлу келген кейіпкерлері кез-келгеннің көңілінен шыға бермейді.

Оқиғаның өрбуі де, шарықтау шегі де өз деңгейінде жазылған қысқа әрі тартымды новеллалар жазған. Новеллалары бірде түсініксіз аяқталса, бірде қызық аяқталады. Бірде күлкілі аяқталса, бірде оқырманын ойға батырып аяқталады. Қыз сезімінен сыр шертетін: «Менің Аяным», «Мумуния кафесінде», «Қоштасу», «Сәтсіздіктегі сезімдер» новеллаларын оқыған жанның жүрегіне жол табатын соны туындылар деуге болады.

Мистикалық таным желісімен жазылып шыққан «Құлпынай қосылған балмұздақ» атты роман кітаптың авторы.Бұл шығарма жайлы оқырмандар әр түрлі пікір білдіруде. Жалпы тілі жеңіл, оралымы оңай, оқиғасы ойға жетелейтін кітап «Келіншектал», «Алма ағашының құдайы», «Әже», «Құлпынай қосылған балмұздақ», «Жаңбырлы күні», «Ажал екінші рет қашан қайта айналып соғар екен?..», «Қош, Күнекей!», «Құлпынай қосылған балмұздақ 2», «Уақыт», «Уақыт 2», «Су перісінің зираты», «Махаббат туралы роман», «Сәкө, су және Андерсеннің ертегісі», «Отыз үш тал раушан», «Мамыр айының тоғызы» деген бірнеше шағын тақырыптардан тұрады.

Жас қаламгердің «Ізгілікті іздеу теориясы» атты кітабын Әкім Ысқақ шығармашылығына арналған әдеби зерттеуге жатқызуға болады. Ә.Ысқақтың Ата Заңымыздың аяғынан тік тұруына, қазақы жолмен қадам басуына жасаған ықпалдарына, психологиялық-пәлсапалық саладағы туындылары мен балалар әдебиетіне қатысты дүниелеріне жеке-жеке тоқталып, талдау жасалған. Оған ғылыми тұрғыдан баға беріп, әдеби зерттеу жүргізген. Әкім Ысқақтың пәлсапалық-психологиялық туындыларына талдау жасалып, жазушының сатирасы сарапталған. «Жусан иісті жыр» деген тарауда қаламгердің ақындық қырын шебер суреттеп, биік баға берген. Сондай-ақ «Гүл қауызындағы тамшы», «Жан жаңбыры» сияқты кітаптарына талдау жасалған.

Шығармалары:

  1. Қоныс Л. Бала ғашық: әңгіме / Л.Қоныс // Жас толқын. Жинақ. Проза. 1-кітап / құраст. Н.Байсақалова. – Алматы, 2005. - 170-179 б.
  2. Қоныс Л. Құрқылтайдың ұясы: проза / Л.Қоныс // Жалын. – 2004. - №10. – 111-117 б.
  3. Қоныс Л. №11 бөлме...:[әңгіме] / Л.Қоныс // Қазақ әдебиеті. – 2006. – 27 қаңтар (№4). – 8 б. – (Жас қалам,№1).
  4. Қоныс Л. Тиын: әңгіме / Л.Қоныс // Қазақ әдебиеті. – 2006. – 13 қаңтар (№2) – 9б.
  5. Қоныс, Л. Мәңгілік сағыныш [Мәтін] / Л. Қоныс. - Алматы : Жалын, 2009. - 157 б. - (Жас толқын).
  6. Қоныс, Л. Ізгілікті іздеу теориясы [Мәтін] : әдеби зерттеу / Л. Қоныс. - Астана : Фолиант, 2010. - 174 б. –
  7. Қоныс, Л. Б. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ балалар лирикасы (1991-2005) [Мәтін] : автореферат / Л. Б. Қоныс. - 2010. - 29 б.
  8. Қоныс, Л. №11-бөлме... [Мәтін] : [әңгіме] / Л. Қоныс // Қазақ әдебиеті. - 2006. - 27 қаңтар(№4). - 8  б.
  9. Қоныс, Л. Тиын [Мәтін] : әңгіме / Л. Қоныс // Қазақ әдебиеті. - 2006. - 13 қаңтар(№2). - 9  б.
  10.  Л.Қоныс. Өлеңдері. «Менің Аяным». Your Vision – блоги в Казахстане
  11.  Л.Қоныс. Келіншектал | ҚалайсыңҚалайсың
  12.  Л.Қрныс. Ертегі - Қазақ прозасы - Мәссаған! 
  13.  Л.Қоныс. Тиын. Әңгіме. Жаңа әдебиет - AinaLife - өмір айнасы.

Мақалалары:

  • 1) Қоныс Л. Қазақ ауыз әдебиеті – қазақ әйелдерінің көз жасынан құралған / Л.Қоныс // Қазақ әдебиеті. – 2002. – 6 қыркүйек. – 9 б.
  • 2) Қоныс, Л. Құрқылтайдың ұясы [Мәтін] / Л. Қоныс // Жалын. - 2004. - №10. - 111-117  б.
  • 3) Қоныс Л. Бейбарыс боп орал сен...[жетім балалар туралы] / Л.Қоныс // Дала мен қала. – 2006. – 6 қазан (№36). – 15 б.
  • 4) Қоныс Л. Ванга / Л.Қоныс // Дала мен қала. – 2006. – №7. - 24 ақпан. – 13 б.
  • 5) Қоныс Л. Қытайдағы демография / Л.Қоныс // Дала мен қала. – 2006. - №6. – 17 ақпан. – 11 б.
  • 6) Қоныс Л. Он диктатордың қатарындағы есім / Л.Қоныс // Дала мен қала. – 2006. - №11. – 24 наурыз. – 9 б.
  • 7) Қоныс Л. Өлең-өмір...Бүгінгі қазақ поэзиясы жайлы үзік сыр / Л.Қоныс // Дала мен қала. – 2006. – 10 ақпан (№5). – 8 б.
  • 8) Қоныс Л. Сағыныш саздары / Л.Қоныс // Дала мен қала. – 2006. – 13 қазан (№37). – 14 б.
  • 9) Қоныс Л. Сахнада намазды өтірік ойнауға дәтім бармады: [әртіс С.Мерекенұлымен сұхбат] / Л.Қоныс // сұхбаттасқан Л.Қоныс // Дала мен қала. – 2006. – 27 қазан (№41). – 12-13 б.
  • 10) Қоныс Л. «Сахна мөлдірлікті қалайды» / Л.Қоныс // Дала мен қала. – 2006. - №6. – 17 ақпан. – 16 б.
  • 11) Қоныс Л. «Аңсағандай иісін көптен сүр еттің...» немесе талант пен талантты оқырманды қалай ажыратамыз?/ Л.Қоныс // Қазақ әдебиеті. – 2007. – 9-15 наурыз (№10). –9б.
  • 12) Қоныс Л. Балқан тауға бардың ба? / Л.Қоныс // Дала мен қала. – 2007. – 9 ақпан (№6). – 9 б.
  • 13) Қоныс, Л. Бай, бақытты өмірге "оңай жету" ережесі [Мәтін] / Л. Қоныс // Дала мен қала. - 2008. - 30 мамыр (№ 21). - 15 б.
  • 14) Қоныс, Л. Имани жыр [Мәтін] :  Балалар ақындары дін тақырыбына қалам тарта ала ма? / Л. Қоныс // Дала мен қала. - 2012. - 30 қаңтар (№ 5). - 11 б.
  • 15) Қаныкейұлы, Е. Қазақ прозасының болашағы [Мәтін] / Е. Қаныкейұлы // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 9-15 қараша (№ 46). - 7, 14 б.