Ақын, драматург, аудармашы, прозаик, сатирик. Ершу Маржан Аманқосқызы 1977 жылы 15-сәуірде Атырау облысы, Жылыой ауданында туған. Атырау педагогикалық институтының филология факультетін, әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың аспирантурасын тәмәмдаған. Филология ғылымының кандидаты. Филология ғылымдарының кандидаты. IV халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-При иегері, Халықаралық «Бөбек» қорының арнайы дипломымен марапатталған. 1996 жылы «Жылдың үздік ақыны», «Жыл адамы» атағын иеленген.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. 2003 жылы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығы қарсаңында «Махамбет» атты тұңғыш поэмасын жазған. Поэмасы қысқартылып, бар бояуынан айырып «Жалын», «Сарыарқа» журналдарында жарияланған. 2003 жылы шыққан «Атырау ақын-жазушыларының кітапханасының 100 томдығының» 58-томында ақын шығармалары жарияланған.

Өлең әлеміне Айек деген атпен енген. «Шырақ», «Пырақ» атты кітаптары басқа атпен, «Айек» деген псевдониммен жарыққа шыққан. Айек - Сұлтан Бейбарыстың анасының аты. Өлеңдері Бейбарыстай күшті, қалпақпен ұрса құламайтын мықты болса деп арманнан туған.

Ақмарал Машимова, әншілер Н.Есқалиева, Н.Абдуллин, М.Арынбаев, Г.Қаспақова, Р.Гайсиндер бірігіп орындап жүрген, Атырау қаласының әнұраны саналатын «Атырау қалам» әнінің сөзін 1996 жылы жазған.

2010 жылы ТҮРКСОЙ-дың ұйымдастыруымен Кипрде өткен Қорқыт ата тақырыбына арналған симпозиумге қатысып, «Ақындардың арғы атасы - Қорқыт» тақырыбында баяндама жасаған.

Татар халқының ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайдың оншақты өлеңін қазақшаға аударған.

Өлеңдері «Жас ақындар жырларының антологиясына» енген. «Дариға ғұмыр, жыр –жүрек» (1998); «Таңғы шық» (2000), «Отырар кітапханасы» сериясымен «Жапырақ ғұмыр» (2001), «Қоңыр» (2003), «Шырақ» (2004) жыр жинақтары бар.

Драматургия саласында да қалам тербеген. 2010 жылы Д.Нұрпейісова туралы «Дина» атты алғашқы мистикалы музыкалық драма жазды. 2011 жылы жазылған Махамбет Өтемісұлы туралы «Қайран, Нарын» атты тарихи драманың, Айша бибі мен Қарахан туралы «Махаббат туралы аңыз» атты трагедияның авторы.Жаңа замандағы жаңа әдебиетке қазақы рухты шығармалар берген. Ғарышкер Т.Әубәкіровті, батыр Хиуаз бен Бауыржан Момышұлын, күйші Динаны жыр тілінде сөйлетіп, поэмаға айналдырған.

Сондай-ақ түрік әдебиетінің поэзия, прозасынан жасаған аудармалары да бар.

Шығармалары:

  1. Ершутегі М. Сағыныштың мұңды әні...: өлеңдер / М.Ершутегі // Жұлдыз. – 2001. - №7. – 60-64 б.
  2. Ершутегі, М. Өлеңімді көкке жазамын... [Мәтін]: өлең / М.Ершутегі // Парасат. - 2002. - №7. - 21 б.
  3. Ершуова М. «Ай бетінің сүті тамып..»: өлеңдер / М.Ершуова // Қазақ әдебиеті. – 2003. – 7 наурыз. – 9 б.
  4. Ершуова М. Көкке қарап ұлыған көкбөрідей тірлігім...:өлең/ М.Ершуова // Егемен Қазақстан.–2004.– 28 қаңтар.–16 б.
  5. Ершуова М. Астанамның ақ самалы: жыр-шашу / М.Ершуова // Егемен Қазақстан. – 2004. – 26 мамыр. – 9 б.
  6. Ершуова М. Махамбет: дастаннан үзінділер / М.Ершуова // Жалын – 2004. – №10. – 74-76 б. 
  7. М.Ершу. Бабалар демі жебесін: өлең.
  8. М.Ершу. Алып: Бауыржан Момышұлы туралы поэма. Жас алаш - zhasalash.kz | Руханият | «Жас Алаш» — 90 ...
  9. М.Ершу. Алтын адам. Жыр шашу.

Мақалалары:

  1. Ершуова М. Мұң бар жерде поэзия бар: халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің лауреаты, ақын Маржан Ершуовамен сұхбат / сұхбаттасқан Р.Сейілхан // Қазақ әдебиеті. – 2005. – 25 қараша (№47). – (Жас қалам. – 11 б.).
  2. Ершуова М. Жақсы кітап – жан азығы: пікір / М.Ершуова // Қазақ әдебиеті. – 2006. – 24 ақпан (№8). – 8 б.
  3. Ершу М. Мен неге Махамбеттен безінуім керек / М.Ершу // Жас Алаш. – 2010. – 12 тамыз (№64).
  4. Ершу М. Мұстафа мұрасы / М.Ершу // Егемен Қазақстан. – 2012. – 12 қазан.
  5. М.Ершу. Қадыр ағаның аруағынан ұят болды-ау... - Halyksozi.kz - Welcome! ғаламтордан алынды
  6. М.Ершу. Мен неге махамбеттен безiнуiм керек?! - ЖАС АЛАШ - zhasalash...
  7. Махаббат дастаны. Түрік тілінен аударған М.Ершу. Жас алаш - zhasalash.kz | Руханият |
  8. М.Ершу. Мұстафа мұрасы. Егемен Қазақстан газеті.

Ол туралы:

1) Ершуова Маржан Аманқосқызы // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық / бас сарапшы Б.Әбдіғалиев. – Алматы, 2005. – 189 б.

2) Ершуова М. Фариза Оңғарсынова: Жастар барда әдебиет жасай береді / М.Ершуова // Қазақ әдебиеті. – 2004. – 3 желтоқсан. – 8 б. - (Жас қалам,№11).