Берікқажыұлы Дәурен 1974 жылы 15 мамырда Семей облысы, Мақаншы ауданы, Қарабұта ауылында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы) дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетінің (қазіргі Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) түлегі. 1996-1999жж. орта мектепте, 1999-2002жж. әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-де ағылшын тілінен дәріс берген.

Қазір «Қазақстан» телерадио компаниясының аударма және дубляж бөлімінде қызмет етеді.

Өлеңдері 1994 жылдан бастап республикалық газет-журналдарда жарияланып келеді.

Шығармалары 2000 жылы жарық көрген «Сборник. Избранное» («Қазақ университеті»), «Жас ақындар жырларының антологиясы» («Өлке») жинақтарына енген. 1996 жылы жарық көрген «Оттегім менің, от демім менің – жырларым» («Жазушы») және 2001 жылы «Отырар кітапханасы» сериясымен шыққан «Ante merіdіem» жыр жинақтарының авторы. 2008 жылы «Гүл мен қылыш жырлары» атты жинағы жарық көрген.

   Тулаған сайын анарың,

   Бұла түн болып қарадым,

   Улаған сайын жанарың,

   Ұлы ақын болып барамын! –деген асқақ та білікті жырлардың авторы.

Шығармалары:

Берікқажыұлы, Д. Гүл мен қылыш жырлары [Мәтін] : өлеңдер жинағы / Д. Берікқажыұлы. - Алматы : Жалын, 2008. - 80 б. - (Жас толқын).

Мақалалары:

1) Берікқажыұлы, Д. Алдаспанның арызы [Мәтін]: Махамбет-200 / Д.Берікқажыұлы // Қазақ әдебиеті. - 2003. - 16 мамыр. - 13 б.

2) Берікқажыұлы Д. Қылыштай кенет жарқ етсем / Д.Берікқажыұлы // Жұлдыз. – 2001.

3) Берікқажыұлы, Д. Ар бардай, арман бардай, тағдыр бардай...[Мәтін] / Д. Берікқажыұлы // Жас Алаш. - 2007. - 6 қыркүйек (№72). - 5 б.

Ол туралы:

1) Балқыбек, Ә. Блокпен бәсеке: жеңіс пе, жеңіліс пе? [Мәтін] / Ә. Балқыбек // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 22 наурыз(N12). - 6  б.

2) Берікқажыұлы Дәурен // Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: Ана тілі, 2004. – 84 б.

3) Берікқажыұлы Дәурен // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық / бас сарапшы Б.Әбдіғалиев. – Алматы, 2005. - 131 б.

4) Мұсатаева, А.Қазіргі жас ақындар поэзиясындағы көркемдік ізденістер [Мәтін]: шамшырақ / Мұсатаева А. // Азия Транзит. - 2007 . - №7/8. - 68-75 б.

5) Медетбек, Т.Алтынкөпірліктер [Мәтін]: (Қазіргі жастар поэзиясы хақында) / Т. Медетбек // Жұлдыз. - 2008. - №1. - 143-165 б ; №2. - 126-140 б.