Байтұрсынұлы Дәулетбек (Бек Сүйіндік) 1963 жылы ҚХР, Іле-қазақ облысы, Моңғұлкүре ауданы, Қонақай ауылында туған. Екі жыл педагогикалық техникумда оқып, орта арнаулы білім алған. 1983-1984 жж. Монғұлкүре ауданында мұғалімдік қызмет атқарған. 1988 жылы Үрімші қаласындағы Оқу-ағарту институтын бітірген. 1991-1994 жж. Құлжа қаласындағы орта мектепте мұғалімдік және «Іле» газетінде тілшілік қызметтер атқарып, «Халық кеңесі» газетінде қызмет істеген. Халықаралық «da Қазақстан» журналының бас редакторы қызметін атқаруда.

1994 жылдың шілде айында Қазақстанға, Алматыға көшіп келді. 1996 жылдан Қазақстан Республикасының азаматы. 1994 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының, 2006 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. «Халық кеңесі», «Ислам және өркениет» газеттерінде тілші, Қазақстан Жазушылар одағы жанынан шыққан «Әдебиет айдыны» газетінде Бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеді. Өлеңдері 1988 жылдан ҚХР және Қазақстан Республикасындағы мерзімді баспасөзде үздіксіз жарық көріп келеді. «Жас толқын» ұжымдық жинағына өлеңдері енген. «Күнәсіз мекен», «Мәңгілік мекен», «Ләтипа лүпілі» жыр жинақтары жарық көрген. Қазір «Ан Арыс» баспасында Бас редактордың орынбасары болып қызмет істеді.

«Ләтипа лүпілі» деп аталатын өлеңдер жинағында жырлар бірыңғай имандылықты ту еткен, Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат негізінде өрбіген. Ғасырлар қойнауынан бері жалғасып келе жатқан мінәжат жырларына еркін беріліп, Ләтипа жүрек лүпілін сездірген ақын жырларын мұсылмандықтың құлшылық амалы деуге болады.

Ақын деген – ағыл-тегіл төгілу,

Қажет болса, қан майданда тіліну.

Адамдардың көңілінде көмілу,

Әрбір атқан таңдар сайын тірілу! - деген өлең жолдарының авторы.

Өлеңдері:

Мақалалары:

  • 1) Байтұрсынұлы Д. «Мәдени мұра - достық кепілі» // Ана тілі. – 2004. - қыркүйектің 16-сы (№38). –– 7 б.
  • 2) Байтұрсынұлы, Д. Жүрегімнен күй құлап, жыр өреді [Мәтін] / Д.Байтұрсынұлы // Жұлдыз. - 2008. - №6. - 98-101 б.
  • 3) Байтұрсынұлы, Д. Рухын ақиқатың жырға қосып... [Мәтін] / Д. Байтұрсынұлы // Қазақ әдебиеті. - 2011. - 22-28 шілде (№ 28/29). - 10 б.
  • 4) Байтұрсынұлы, Д. Мөлдіреп жапырақта ой - шықтары [Мәтін] : өлеңдер / Д. Байтұрсынұлы // Жұлдыз. - 2011. - № 9. - 123 - 125 б.
  • 5) Байтұрсынұлы, Д. Мұқағали мен Әбдіке Елшенбүйрек басында [Мәтін] / Д. Байтұрсынұлы // Мұқағали. - 2012. - № 11/12. - 60-61 б.
  • 6) Байтұрсынұлы, Д. Азат ой немесе үнсіз өсу баспалдақтары [Мәтін] / Д. Байтұрсынұлы // Үркер. - 2013. - № 4. - 33-35 б.

Ол туралы:

  • 1) Байтұрсынұлы Дәулетбек // Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: Ана тілі, 2004. – 71 б.
  • 2) Байтұрсынұлы Дәулетбек. «Пәктіктің танып білмей биіктігін...»: өлеңдер // Жас ақындардың өлеңдер жинағы. 2-кітап / құраст. О.Асқар. – Алматы, 2005. – 79-91 б.
  • 3) Қаламгер қасиеті [Мәтін] / М. Байғұт, С. Балғабаев, Д. Байтұрсынұлы ; дайындаған Ы. Нұрсал // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 14-20 қыркүйек (№ 38). - 1, 3 б.
  • 4) Балалар және классикалық әдебиет [Мәтін] / А. Ісімақова, Д. Байтұрсынұлы, Ә. Файзуллаұлы; дайындаған Ә. Байбол // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 7-13 желт. (№ 50). - 1, 5 б.
  • 5) Қаупынбайұлы, Т. Уақытпен үндес өрнекті жыр [Мәтін] / Т. Қаупынбайұлы // Президент және халық. - 2013. - 1 наурыз (№ 8). - 4 б.