Ахмәди Адалбек 1969 жылы 22 наурызда ҚХР, Алтай өлкесі, Жеменей ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Шыңжаң университетінің әлем тілдері факультетін бітірген. 1996 жылы Қазақстанға біржола қоныс аударған. Алғашқы шығармалары 1993 жылы Шыңжаңда «Үкілі ырғай» атты таңдамалы жинақта жырлары жарық көрген. 1997, 1998 жылдары өткізілген Дүниежүзі қазақтарының жыр мүшәйраларының, 2003 жылы өткен Махамбет Өтемісұлының республикалық тележыр бәйгесінің жүлдегері.

«Шолпан әлі туған жоқ» жыр жинағының авторы.

Шығармалары:

1) Адалбек Ахмади. Бабамның басы. Өзіңнен көр, қазағым. Ақ таяқ. Жалғыздық. Түн. Есалаң. Маған біраз бер ғұмыр. Сағыныш: өлеңдер // Жас ақындардың өлеңдер жинағы. 2-кітап / құраст. О.Асқар. – Алматы, 2005. – 9- 20 б.

2) Ахмади А. Кеудемде менің жалайды жүрек...:өлеңдер / А.Ахмади // Жас қазақ үні. – 2002. – 31 қаңтар. – 4 б.

3) Ахмади А. «Қай жағымнан келіп қалдың қара өлең! Қызымды ертіп кетіп едің ар жаққа»: өлеңдер / А.Ахмади // Жас алаш. – 2002. – 26 қаңтар. – 5 б.

4) Ахмади, А. "Қараторғай" ән болатын байырғы...[Мәтін] / А. Ахмади //Таң-Шолпан. - 2008. - № 5. - 3-7 б.

5) Ахмади А. Сәулеге шөлдеп бір қасық...: өлеңдер / А.Ахмади // Жұлдыз. – 2004. - №3. – 105 б.

Ол туралы:

1) Ахмәди Адалбек // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық / бас сарапшы Б.Әбдіғалиев. – Алматы, 2005. – 57 б.

2) Ахмәди Адалбек // Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: Ана тілі, 2004. –34 б.