Ақын-Баба Ақсұңқар 1976 жылы 19 сәуірде дүниеге келген. 1998 жылы С.Торайғыров атындағы университетті үздік бітірген. Журналист, жас ақын. 1998 жылы Қазақстан телерадио компаниясында «Шапағат» таңғы бағдарламалар редакциясында тәжірибеден өтіп, редакторлық қызмет атқарды. 1999-2002 жж. Алматы облыстық «Жетісу» басылымында мәдениет және әдебиет бөлімінде журналист, 2003 жылы Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» Мемлекеттік Академиялық оркестрінде жүргізуші, 2004 жылы «Жалын» журналында редактор, 2004–2008 жж. «Қазақстан» РТРКның «Шалқар» және Қазақ радиосында редактор-жүргізуші, 2008–2009 жж. Қазақ радиосы бойынша сарапшы редактор, 2009 жылдан «Қазақстан» ҰТАның эксперт тобында телерадио бағдарламалары бойынша жетекші маман қызметін атқарады.

2001 жылы «Елорда» баспасынан «Мен – Алтайдан ұшқан Ақсұңқар» атты жыр жинағы жарық көрді. «Қазақ ақындарының антологиясына», «Қыз ғұмыр – жыр ғұмыр» жинақтарына (2003) Қырғызстанда жарық көрген қазақ ақындарының жыр жинағына өлеңдері енген. «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының (2002) және Ғ.Мүсірепов атындағы Республикалық ақындар мүшайрасының лауреаты.

   Безіндім! Мүлдем безіндім–

   Аптабынан мұндай сезімнің!

   Мас еркектер малтып өлердей–

   Қарашығына қара көзімнің–

дегендей өр ақынның өлеңдері сияқты өткір сезіммен елең еткізеді.

Шығармалары:

1) Ақынбаба А. Тілегі-адал қызыңмын: өлеңдер / А.Ақынбаба // Парасат. – 2001. - №12. – 9 б.

Ақынбабақызы А. Мен Алтайдан ұшқан ақсұңқар: Өлеңдер. – Астана: «Елорда». – 2001.

Мақалалары:

    • Ақынбаба А.Қазіргі қазақ [Мәтін] / А. Ақынбаба // Ақиқат. - 2013. - № 1. - 33-35 б.

Ол туралы:

1) Ақын-Баба Ақсұңқар //Қазақстан жазушылары: XX ғасыр.Анықтамалық.– Алматы: Ана тілі, 2004.– 20 б.

2) Ақын-Баба Ақсұңқар // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық / бас сарапшы Б.Әбдіғалиев. – Алматы, 2005. – 30 б.

3) Ақынбабақызы, А.Қазақ радиолары және әлемдік ақпарат нарығы [Мәтін] / А. Ақынбабақызы // Егемен Қазақстан. - 2012. - 7 қараша (№ 729/734). - 8 б.

4) Балқыбек, Ә.Журналистикалық жанр деңгейіне дейін төмендеген поэзия немесе тағы да халтура хақында [Мәтін] / Ә.Балқыбек // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 29 наурыз. - 5 б.

5) Жақып Б. Сүттей таза жүректер.../ Б.Жақып // Қазақ әдебиеті. – 2001. – 23 қараша (№47). – 10 б.

6) Иманасов, С. Алтайдан ұшқан Ақсұңқар [Мәтін] / С. Иманасов // Ана тілі. - 2001. - 10 қаңтар(N1-2). - 7 б.

7) Шонабай, Г.Мені емес, өлеңімді мақтасыншы... [Мәтін] : ақын Ақсұңқар Ақынбабақызымен сұхбат / Г. Шонабай // Жас Алаш. - 2002. - 29 қаңтар. - 5 б.

8) Biografia.kz. Акынбаба Аксункар

9) Найзағай: Жастар поэзиясы.