Айтболатұлы Батырболат Қабош 1972 жылы 19 тамызда Орал облысы, Қазталов ауданы, Бостандық ауылында туған. ӘлФараби атындағы ҚазМҰУдың филология факультетін (1995), оның аспирантурасын (2000) бітірген. 1995–1997 жж. Қазақстан Республикасы ҰҒАның М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер, Қазақ энциклопедиясында жетекші маман, репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорында және «Арыс» баспасында ғылыми редактор (2001), «Қазақстан» ұлттық телеарнасында стилистредактор (2002), «Атлас–2001» баспасында Бас редактор, «Глобус» Баспа үйі» ЖШСнің директорының орынбасары (2001–2004), «Жалын» журналында бөлім меңгерушісі (2003), «Қазақстан теміржолшысы» газетінде тілші (2004–2006) қызметтерін атқарған. Қазір республикалық «Айқын» газетінің Астанадағы тілшілер тобының жетекшісі.

2005 жылы «Қазіргі қазақ поэзиясының түрлікбейнелілік ерекшеліктері (1980–1990 жылдар лирикасы әдеби үдеріс контексінде)» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған.

1995 жылы «Толқыннан толқын туады» атты студенттер жыр жинағына («ЕрДәулет») бір топ өлеңі енген. Жас ақын - жазушылардың халықаралық «СоросҚазақстанДебют» байқауының жүлдесін жеңіп алған өлеңдер топтамасы арнаулы жинақта (1997, «Жібек жолы») жарияланды. Екі мәрте (1997, 1998) ҚР Президентінің стипендиаты атанды. Т.Айбергеновтің 60 жылдығына (1997), Кенесары Қасымұлының 200 жылдығына арналған жыр мүшәйраларының жүлдегері. Өлеңдері «Қазақстан жас ақындарының антологиясына» (А., «Өлке», 2000) енген.

Республиканың "Айқын" газетінің Астанадағы тілшілер тобының жетекшісі.

Шығармалары:

Мен ғашық қыз. А., «Жазушы», 1996; Көзмоншақ. Астана, «Елорда», 2001.

Өлендері:

1) Б.Айтболатұлы - Мен ғашық қыз

2) Б. Айтболатұлы - Жабыққанда

3) Б.Айтболатұлы. Өлеңдер.

4) Б. Айтболатұлы. Қайрош-Қайырбек

5) Б. Айтболатұлы. Көзмоншақ

Мақалалары:

1) Айтболатұлы Б. «Шүу дегенде құлағың тосаңсиды...»: Г.Салықбаева өлеңдеріндегі өлшем-өрнек, ырғақ пен мазмұн туралы / Айтболатұлы Б. // Қазақ әдебиеті. – 2001. – 7 желтоқсан (№49). – 12 б.

2) Кенесары Қасымұлы атындағы сыйлықтың жүлдегерлері // Қазақ әдебиеті. – 2002. – 20 қыркүйек. – 2 б.

3) Айтболатұлы Батырболат // Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. –Алматы: Ана тілі, 2004.– 17-18 б.

4) Айтболатұлы Батырболат // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық / бас сарапшы Б.Әбдіғалиев. – Алматы, 2005. – 21 б.

Айтболатұлы.Б. Діни экстремизмнің сопылық синдромы-Адасқан ағымдар...

Айтболатұлы.Б.Бұйырса, қазақ дәстүрлі ән-күйінің «екінші өмірі» басталады!..