Дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың

«Қарашы Қарағанды күмбезіне,

Бойлаған мұнарасы күн көзіне.

Құрбыжан, қасиетті ол бір, қазына,

Қуантып тартпас, сірә, кімді өзіне?!» – деп жырлаған сүйікті қаласына биыл 89 жыл. 10 ақпан – Қарағанды қаласының туған күні.

Осыған орай, кітапханамызда «Өз өлкеңді білесің бе?» атты квест-викторина ұйымдастырылды.

Қазыбек би ауданының әлеуметтік көмек көрсету бөлімімен бірлесе ұйымдастырылған бұл шараға мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты.

Ұлы ақын Абай  «Ойын ойнап ән салмай өсер бала болар ма»?- деп айтқандай, қала тарихы, қала өмірі жайлы ұйымдастырылған өлкетанулық ойындар - қатысып отырған балалар мен ата-аналарға ерекше сезім сыйлады.

Квест-викторина арқылы Қарағанды қаласының тарихы жайында өз ойларын айтып, қалада орнатылған ескерткіштердің суретін жинап, олар жайында шағын мағлұматтар алды.

Ойын барысында балалардың эмоцияға толы сезімдері мен белсенділігі, шығармашылық қабілеттері  шыңдала түсіп, кітап пен кітапханаға деген қызығушылықтары артып, ыстық ықыласқа бөленді.