387-ші Перекоп атқыштар дивизиясы

1981 жылы тамыз- қырүйекте Қарағанды, Ақмола (Целиноград), облыстары тұрғындарынан жинақталған, Құрамында: 1271, 1273, 1275 атқыштар және әскери қамтамасыз етілген бөлімдер мен материалды- техникамен жабдықталған бөлімдер болды. 1941 жылы желтоқсанда Тула қаласының оңтүстік-батысына қарай Брянск майданында соғысқа аттанды. Мәскеу түбінде неміс- фашист әскерін талқандауға қатысты, жаулап алу кезінде бір талай Ока жағалауындағы селоларды босатты. 1942 жылы жазда қазақ қатерлі қорғану ұрыстарын жүргізді. Қайта қалыптастыру және толықтыру үшін қараша айында соғыстан шығарылып, содан соң Сталинград бағытында әрекет етуші, 2- ші гвардиялық әскер қатарына енгізілді. Дон майдан қатарында Сталинград шайқасына қатысты, Тромосин ауданында фельдмаршал Манштейн әскер тобының қарсы шабуылына тойтарыс берді. Шабуыл соғыстармен Азов жағалауынан өтіп Кырым түбегіне дейін жетті. Бекінген аудандарды (Перекоп) шабуылдауға қатысқан. Жеке құрам ерлік пен батырлық танытқаны үшін, дивизияға «Перекоп» құрметті атағын берді. Бухаресті алу, Севастопольді азат етуге қатысты. Дивизияның номері Сапун тауындағы гранит ескерткішінде қашап жазылған. Кырым жағалауын күзету туралы бұйрық алды. 10 айдан соң Румыниядағы Пантелеймон жеріне жіберілді. Болгариядағы Стара Загора қаласына 1945 жылдың маусым айының ортасында ауыстырылды. Кейін дивизияны тарату туралы бұйрық берілді. Дивизяиның алғашқы командирі Сущенко, комиссары Шкумат болды.





Copyright © 2015, karlib.kz