Ленин орденді Қызыл Туы З10-шы Новгород атқыштар дивизиясы

Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Торғай жэне Жезқазған облыстарынан жинақталған, 1080,1082, 1084-ші атқыштар және 860-ші зеңбірек полкі құрамында, 1941 жылы жазда құрылған.
10.09.1941 жылы Ленинградтық қоршауын бұзып кіру мақсатында Шлиссельбург қаласының оңтүстік-шығысына қарай орналасқан Апраксин кентінің жанында ұрысқа кірісті. Қазан айында Волхов қаласының маңын қорғады, Ленинград облысының шығыс аудандарын босатты, 1943 жылы Мясной Бор ауылының Волхов өзенінен кейінгі плацдармында ұрысқа қатысты. 1944 жылы Новгород-Лужск операциясында Волхов жағалауындағы Любцы селосынан Батецкая станциясы арқылы Псковка дейін ұрыспен өтті. 20 қаңтарда «Новогород» құрметті атағына ие болды. 1944 жылдың жазында Свирь өзенін кесіп өтті және оңтүстік Карелия ауданын босатқанда Ладожск өзенінің солтүстігіне қарай ст. Лоймолаға шықты. 1945 жылы 19А кұрамында Восточно-Померанской және Берлин операциясына қатысты. Хаммерштейн қаласындағы жаудың қорғанысын бұзып кірген үшін және Кезлин қаласын алған үшін 1945 жылы наурызда Қызыл Ту орденімен, Дивен, Свирке бұғаздарынан өтуге қатысқаны үшін және Свинемюнде қаласын алғаны үшін 1945 жылы мамырда Ленин орденімен марапатталды. КСРО медальдарымен және ордендерімен Ұлы Отан соғысы уақытында дивизияның жеке құрамы 8,5 мың марапаттауларға ие болды.





Copyright © 2015, karlib.kz