Құрметті оқырман, назарларыңызға "Балақай, кітаппен дос бол!" атты бейне әңгімемізді ұсынамыз. Баламыздың кітап оқуына ықпал жасап, қолдау көрсетейік.

Қадірлі достар!

Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қарағанды облысының мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Сен деп жырлаймын, Қазақстан!" атты жастардың поэтикалық баттлын өткізеді.

Баттлға қатысуға Қарағанды жоғары оқу орындарының поэзия клубтары мен әдеби бірлестіктерінің студенттері шақырылады.

Поэтикалық баттл 2021 жылғы 9 желтоқсанда өтеді.

Өнерпаз жастарымызды осы байқауға қатысуға шақырамыз!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жастардың «Сен деп жырлаймын, Қазақстан!» поэтикалық баттлын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

«Қазақ әдебиеті» газетінің тарихы. Құрметті оқырмандар, сіздердің назарларыңызға, қазақ руханиятының алтын діңгегіне айналып үлгерген - «Қазақ әдебиеті» газетінің тарихы жайлы баяндалған бейнешолуды ұсынамыз!

Құрметті оқырман біздің кітапханамыздың тұрақты оқырманы Жайдары ханым “Кешкі макияж” туралы өзінің шеберлік сағатын көрсетіп, бізбен бөліседі. Кешкі макияж - бұл тамаша ашылудың ажырамас сипаты. Ол бейнені керемет үйлесімді, бет-әлпет ерекшеліктерін білдіруге және оның артықшылықтарын атап өтуге қабілетті.