13 желтоқсан күні кітапхананың оқу залдары бөлімінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Қазақстанның тәуелсіздігі: тарих пен қазіргі заман» атты тарихи сағаты өтті.

Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының тарихи кезеңдері мен жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздіктің мәнін терең ашып түсіндіру.

Аталмыш шараға Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ – дың  Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Ш. М. Теміржанова, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының жас актерлері, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының ұстаздары Б.К.Аязбаева, Ж.Ж.Ибраимова, С.М.Молғаждарова және Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ-дың экономика факультетінің студенттері қатысты.

Тарихи сағат барысында аға оқытушы Ш. М. Теміржанова оқырмандарға «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» атты бейне презентация арқылы қазақ даласында сан ғасырлық тарихи оқиғалардың маңыздылығын көрсетті.

Қазақ хандығының құрылғанынан бастап, өзінің дәстүрлі құқықтық жүйесімен мемлекетін нығайтқаны жөнінде, хандар мен батырлар төрелік айтқан билер институтына бағынғаны жайлы, 1917-1920 жж. Алашорда  үкіметінің құрылуы, азаттық таңы атты деп, артынан ұлы жұт қазақ халқын жалмаған қуғын-сүргін жылдары, Ұлы Отан Соғысы жайлы және Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алу жолы туралы мәліметтерді баяндады.

Сонымен қатар, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының жас актерлері «Желтоқсан құрбандарына арнау» поэтикалық композициясы арқылы Қазақстан тәуелсіздігі үшін күрескен жандардың қайғылы тағдырларын сомдады.

Кеш соңында тарихи сағаттың маңыздылығын аша түскен «Ел тәуелсіздігі: кеше және бүгін» атты кітап көрмесі ұсынылды.